Accessibility links

Ұлттық парк аумағының жалға берілуіне наразы тұрғын Сағынтаев отставкасын талап етті


Алматы қаласы әкімдігінің алдында жалғыз адамдық пикетке шыққан қала тұрғыны Ерболат Түркеев. Алматы, 29 мамыр, 2020 жыл.

29 мамырда Алматыда қала әкімдігі алдында Ерболат Түркеев есімді азамат жалғыз адамдық пикет өткізді. Ол қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың қызметтен кетуін талап етті.

- Іле Алатау ұлттық паркінің жеке меншікке берілуіне қарсымын. Алматы әуежайының сатылуына наразымын. Әкім міндетін лайықты орындап жүрген жоқ деп санаймын, - деді ол.

Әкімдіктен шыққан қызметкерлер пикеттің заңсыз екенін айтып, оны ғимарат аумағынан тықсыруға тырысты. Ғимарат алдында шамамен екі сағаттай тұрған Ерболат Түркеев түс кезінде үйіне қайтты.

Бірнеше күн бұрын Іле-Алатау ұлттық паркінің біраз бөлігінің жеке компанияға 49 жылға пайдалануға берілгені анықталған еді. Жалға берілген аумақтар арасында Үлкен Алматы көлі, Асы шатқалы, Алмаарасан, Түрген, Ыстықкөл аңғары, Маралсай, Бутаковка сияқты табиғаты көркем жерлер бар. Ұлттық парктің ресми сайтындағы мәліметке сәйкес, экологиялық туризмді дамыту мақсатында тендер өткізіліп, оны жеке компания жеңіп алған.

Жергілікті экологтар мен сарапшылар аумаққа салынайын деп отырған туристік кешендер экологияға орасан зиян тигізуі мүмкін деп қауіптенеді. Олар жобаларды мұқият зерттеу қажет деп санайды. Осы апта соңында тендер жеңімпаздары туралы журналист Бағдат Асылбекұлы және Елнұр Әлімованың зерттеу мақаласы да жарық көрді.

Бұған дейін жолаушылар саны жағынан Орталық Азиядағы ең ірі Алматы әуежайының да TAV Airports деп аталатын түрік холдингіне 415 млн долларға сатылғаны хабарланған еді.

  • 16x9 Image

    Мәншүк АСАУТАЙ

    1980 жылы туған. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

    Қарағанды қаласындағы жергілікті телеарнада қызмет еткен. 2004 жылдан бері Азаттықтың тілшісі. 

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG