Accessibility links

ҚДТ үшін айыпталғандарды енді "Көше партиясы" үшін полицияға шақырып жатыр


"ҚДТ-ға қатысы бар" деп айыпталған белсенділер (солдан оңға қарай) Жазира Демеуова, Елена Шевчук, Гүлзипа Жәукерова және Әнуар Әшіралиев сот ғимаратында отыр. Желтоқсан айы, 2019 жыл.
"ҚДТ-ға қатысы бар" деп айыпталған белсенділер (солдан оңға қарай) Жазира Демеуова, Елена Шевчук, Гүлзипа Жәукерова және Әнуар Әшіралиев сот ғимаратында отыр. Желтоқсан айы, 2019 жыл.

Жұма, 29 мамырда Алматы тұрғыны, азаматтық белсенді Жазира Демеуованы полицияға шақырған. Сөзінше, полицияда өзіне тіркелмеген "Көше партиясы" қозғалысына қатысты сұрақтар қойған.

- Мені "профилактикалық әңгімеге" шақырды. Онда "экстремистік "Қазақстанның демократиялық таңдауы" (ҚДТ) қозғалысының "Көше партиясы" қозғалысына айналып кеткенін білесіз бе?" деп сұрады. Меніңше, ол екеуі екі бөлек ұйым. Бірақ маған ондай ұйымдар жұмысына араласып, құрамына кіруге сотпен тыйым салынған. Былтыр ҚДТ-ға қатысты сотталып, бас бостандығымыздың шектелгенін, екі жыл пробациялық бақылауда екенімізді олар жақсы біледі, - дейді Жазира Демеуова.

Нұр-Сұлтанның Есіл аудандық соты тіркелмеген "Көше партиясын" "экстремистік" деп танығаннан кейін Қазақстанның түрлі аймақтарында ондаған белсендінің осындай "негізде" полицияға шақыртылғаны хабарланған еді. Олардың арасында осы аптада полиция бөлімшелерінде болған алматылық белсенділер Оксана Шевчук пен Әнуар Әшіралиев те бар.

Былтыр Жазира Демеуова, Оксана Шевчук, Әнуар Әшіралиев және Гүлзира Жәукерова "Қазақстанның демократиялық таңдауы" (ҚДТ) қозғалысына қатысы бар деп айыпталып, бас бостандығы бір жылға шектелген болатын.

Азаттық тілшісі әзірге Алматы қалалық полиция департаментінен жауап ала алмады.

19 мамырда астаналық сот тіркелмеген "Көше партиясын" елде экстремистік деп танылған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" (ҚДТ) қозғалысымен бір ұйым деп танып, қызметіне тыйым салған еді.

27 мамырда "Көше партиясы" қозғалысының белсенділері мен адвокаты қозғалысты "экстремистік ұйым" ретінде тану туралы сот шешіміне наразылық білдіріп, апелляциялық шағым түсіргендерін хабарлады.

Шетелде тұратын экс-банкир, оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязов құрған ҚДТ қозғалысын Қазақстан билігі "экстремистік" деп танығанмен Еуропарламент 2019 жылғы резолюциясында "бейбіт оппозициялық қозғалыс" деп атаған.

Қарай отырыңыз: Сот "Көше партиясының" қызметіне тыйым салды. Қозғалыс мүшелері не дейді? (20 мамыр 2020 жыл).

Сот "Көше партиясының" қызметіне тыйым салды. Қозғалыс мүшелері не дейді?
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:45 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG