Accessibility links

Стамбулдағы елшілік алдында түркімен азаматтары Бердімұхамедовтің биліктен кетуін талап етті


Түркіменстан елшілігі алдындағы акция. Стамбул, 29 мамыр 2020 жыл.
Түркіменстан елшілігі алдындағы акция. Стамбул, 29 мамыр 2020 жыл.

29 мамырда Түркіменстанның Стамбулдағы елшілігі алдында 20 шақты түркімен азаматы наразылық акциясын өткізіп, Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтің қызметтен кетуін талап етті. Бұл туралы turkmen.news сайты жазды.

"Харамдағ, кет" деген жазуы бар плакат ұстаған адамдар наразылық кезінде "Адамдарды әбден ашындырды. Харамдағ, кет!" деп айқайлады. "Арқадағ" сөзіне үндес келетін "Харамдағ" сөзінің алғашқы бөлігі "адал емес, арам" деген мағынаны білдіреді.

"Ауғанстанға көмектеседі, Ресейге көмектеседі, әуелі өз халқын жарылқап алсын, халыққа көмектессін! Диктатор, туыстарыңмен кет!" деді наразылар.

Полиция адамдарды сабырға шақырып, дауыс үдеткішпен көшені жаппау қажеттігін, айғайламау керектігін ескертті.

Осы айда АҚШ, Түркия және Солтүстік Кипрде түркімен азаматтары осыған ұқсас акция өткізген. Оған Түркіменстандағы экономикалық дағдарыс, азық-түлік тапшылығы себеп болған.

Мамыр айының ортасында дауылдан кейін бүлінген үйлер мен инфрақұрылымды қалпына келтіруге әрекет етпей отырған билікті сынаған түркімен азаматтары наразылық өткізген.

Оқи отырыңыз: Түркіменстанда билікке наразылық жиіледі

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG