Accessibility links

Мәскеуде депутаттың қамалуына наразылық танытқандарды полиция тағы ұстады


Петровкадағы ұстау. Мәскеу, 29 мамыр 2020 жыл.
Петровкадағы ұстау. Мәскеу, 29 мамыр 2020 жыл.

30 мамырда Мәскеуде ішкі істер министрлігінің басқармасы ғимаратының алдында жалғыз адамдық пикеттер жалғасып, полиция оған қатысқан кемінде 5 адамды ұстады. Наразылар 15 күнге қамалған муниципал депутаты Илья Азар және бұған дейін ұсталған азаматтарды қолдап пикет өткізген.

Қаладағы Петровка көшесі бойында үш күннен бері пикеттер өтіп жатыр. Жұма, 29 мамырда мұнда шамамен 30 адам ұсталды, бейсенбі күні оннан астам адамды полиция алып кеткен. Сенбі күні полиция ұстаған адамдардың арасында Мәскеудің түрлі аудандарына сайланған муниципал депутаттары болған.

  • 28 мамырда Илья Азар "Полиция омбудсмені" жобасының негізін қалаушы Владимир Воронцовты қолдап, жалғыз адамдық пикет өткізген еді. Воронцовтың үстінен бірнеше қылмыстық іс қозғалған. Сот Азарды 15 күнге қамады.
  • Жұма күні күндіз ІІМ-нің Мәскеу қалалық басқармасы мәлімдеме таратып, қалада карантин кезінде кез келген акция өткізуге болмайтынын ескерткен. Ұсталғандарға оқшаулау режимін бұзды және қоғамдық жиынға қатысу ережесін бұзды деген айыптар тағылып жатыр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG