Accessibility links

Илон Масктің Марсқа ұшуға арналған төртінші зымыран үлгісі полигонда жарылды


Starship зымыран үлгісінің жарылуы. Техас, 30 мамыр 2020 года.
Starship зымыран үлгісінің жарылуы. Техас, 30 мамыр 2020 года.

SpaceX компаниясының Ай мен Марсқа ұшуға арналған Starship зымыран үлгісі Техаста Бока-Чика полигонында сынақ кезінде жарылды. Сынақ NASA Spaceflight Youtube арнасында тікелей эфирде көрсетілген. Зымыран қозғалтқышын сынақтан өткізу кезінде жарылыс болған. Зымыран тұтастай өртеніп кетті.

Techcrunch жазуынша, осы үлгідегі төртінші зымыран сынақтан өтіп отыр. Бұған дейін SpaceX сынақ кезінде осындай үш ракетасынан айрылған.

SpaceX Starship кемелерін Ай мен Марсқа адамдар мен жүк тасымалдау үшін құрастырып жатыр. Идея авторларының айтуынша, зымыран тасығыш көп рет қолдануға шыдауы керек және орбитаға өзінің салмағын есептемегенде 100 тоннадан артық жүк тасымалдай алуы тиіс.

30 мамырда кешке Флорида штатындағы Канаверал мүйісіндегі айлақтан SpaceX-тің өзге зымыраны ұшырылады. Falcon 9 зымыран тасығышы бортында екі астронавт бар Crew Dragon кемесін халықаралық ғарыш станциясына жеткізуі тиіс. Бұған дейін зымыранды ұшыру ауа райы қолайсыз болғандықтан кейінге шегерілген еді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG