Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
Бортында екі астронавт бар Crew Dragon кемесін тасымалдағыш Falcon 9 зымыранының әуеге көтерілу сәті. 30 мамыр 2020 жыл.
Сенбі күні кешке АҚШ-тың Канаверал мүйісіндегі айлақтан ұшырылған бортында НАСА-ның екі астронавты бар Crew Dragon ғарыш кемесі орбитаға сәтті шықты. Ол Халықаралық ғарыш станциясымен Гринвич уақыты бойынша жексенбі күні күндізгі сағат 15:29-да түйісуі тиіс (Алматы уақытымен кешкі сағат 20:29).
Crew Dragon 2011 жылдан бергі АҚШ ұшырып отырған ұшқыш арқылы басқарылатын алғашқы кеме. 9 жыл бұрын АҚШ көпреттік Space Shuttle кемелерін ұшыру бағдарламасын тоқтатқан болатын.
BBC сайтының жазуынша, Falcon 9 зымыранының алғашқы бөлігі ұшырылғаннан кейін шамамен үш минуттан соң бөлінген. Ал 10 минуттан соң Атлант мұхитындағы SpaceX-тің арнайы платформасына қайта оралған. Dragon кемесі Халықаралық ғарыш станциясына өз қозғалтқышымен жетуі тиіс.
Зымыранның екінші бөлігі бөлінгеннен соң ұшыруды басқару орталығы және экипаж мүшелері бір-бірін сәтті ұшумен құттықтады. NASA Dragon кемесінің орбитаға аман-есен шыққанын хабарлады.
Кеме экипажында 53 жастағы Даглас Хёрли мен 40 жастағы Роберт Бенкен бар. Екеуі де әуе әскери күштерінің ардагер сарбаздары. Бұған дейін ғарышқа екі рет ұшқан.
Олар халықаралық ғарыш станциясында кемінде 30 күн болады. Demo-2 миссиясы SpaceX компаниясының технологиясын тексеру бойынша жүргізілген соңғы сынақ. Егер сәтті аяқталса, Crew Dragon Халықаралық ғарыш станциясына тұрақты түрде ұшады.
Crew Dragon - NASA-ға арнап шығарылған ұшқышпен басқарылатын жалғыз ғарыш кемесі емес. Күзде Boeing корпорациясының балама Starliner кемелері ұшырылуы тиіс. 2019 жыл желтоқсан айындағы сәтсіз сынақтан соң келесі кеме ұшқышсыз басқарылмақ.
NASA жоспарына сәйкес, Crew Dragon мен Starliner 20 ғасырдың 60-жылдары шығарылған ресейлік "Союз" кемелерін алмастыруы тиіс. 2011 жылдан бері Қазақстан терииториясындағы Байқоңыр айлағынан ұшырылып жүрген ресейлік "Союз" кемелері америкалық астронавтарға Халықаралық ғарыш станциясына жетудің жалғыз жолы болған.
Қазақ даласындағы ғарыш қақпасы. Байқоңырдың болашағы қандай?
1/18Америкалық барлаушы ұшақ 1957 жылы суретке түсіріп алған Байқоңырдың ұшу алаңы. Әу баста алыс қашықтыққа ұшатын зымырандарды сынақтан өткізу мақсатында салынған нысан кейін Вашингтонмен бәсеке жарыстырған Мәскеудің ғарыш бағдарламасының маңызды бөлігіне айналды.
Совет дәуірінде Қазақстан жерінде салынған Байқоңыр ғарыш айлағын қазір Ресей жалға алып, пайдаланып отыр. Бұған дейін оннан астам америкалық астронавт Халықаралық ғарыш станциясына осы жерден ұшырылған кемемен жеткен. Ал қазір АҚШ 2011 жылдан бері алғаш рет ғарышқа адамдарды өз аумағынан ұшыруға дайындалып жатыр.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
2/18Байқоңырдан зымыран ұшырылған сәт, 1960 жыл. Совет өкіметі Қазақ ССР-і аумағындағы бұл жерді экваторға салыстырмалы түрде едәуір жақын және елдімекендерден аулақта болғандықтан ғарыш айлағына айналдыруды ұйғарған.
Совет дәуірінде Қазақстан жерінде салынған Байқоңыр ғарыш айлағын қазір Ресей жалға алып, пайдаланып отыр. Бұған дейін оннан астам америкалық астронавт Халықаралық ғарыш станциясына осы жерден ұшырылған кемемен жеткен. Ал қазір АҚШ 2011 жылдан бері алғаш рет ғарышқа адамдарды өз аумағынан ұшыруға дайындалып жатыр.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
3/18Байқоңыр қаласының (ол кезде Ленинск деп аталған) орталығындағы ғимарат. Бұл аймақ алыс қашықтықтағы байланыс сапасына және ғарыш кемесін ұшыру барысында жердің айналу жылдамдығын (секундына 316 метр) тиімді пайдалануға қолайлы саналады.
Совет дәуірінде Қазақстан жерінде салынған Байқоңыр ғарыш айлағын қазір Ресей жалға алып, пайдаланып отыр. Бұған дейін оннан астам америкалық астронавт Халықаралық ғарыш станциясына осы жерден ұшырылған кемемен жеткен. Ал қазір АҚШ 2011 жылдан бері алғаш рет ғарышқа адамдарды өз аумағынан ұшыруға дайындалып жатыр.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
4/18Алғашқы совет ғарышкері Юрий Гагарин мініп ұшқан "Восток" зымыранын ғарышқа ұшыру алдында тексеріп жатқан мамандар. Адамзат тарихындағы ғарышпен байланысты бірнеше маңызды оқиғаға Байқоңырдың тікелей қатысы бар: 1957 жылы қазанда Жердің жасанды серігі, 1957 жылы қарашада ит, 1961 жылы сәуірде ер адам, ал 1963 жылы әйел алғаш рет ғарыш кеңістігіне Байқоңырдан ұшқан.
Совет дәуірінде Қазақстан жерінде салынған Байқоңыр ғарыш айлағын қазір Ресей жалға алып, пайдаланып отыр. Бұған дейін оннан астам америкалық астронавт Халықаралық ғарыш станциясына осы жерден ұшырылған кемемен жеткен. Ал қазір АҚШ 2011 жылдан бері алғаш рет ғарышқа адамдарды өз аумағынан ұшыруға дайындалып жатыр.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
5/18Байқоңырда қайғылы оқиғалар да болған. Ең ірі апат (суретте) 1960 жылы 24 қазанда болды. Ұшу алаңында тұрған Р-16 құрлықаралық баллистикалық зымыраны жарылып, жүзге жуық адамды мерт қылды. Олардың арасында СССР стратегиялық мақсаттағы зымыран күштерінің бас қолбасшысы, артиллерия бас маршалы Митрофан Неделин де қаза тапты.
Совет дәуірінде Қазақстан жерінде салынған Байқоңыр ғарыш айлағын қазір Ресей жалға алып, пайдаланып отыр. Бұған дейін оннан астам америкалық астронавт Халықаралық ғарыш станциясына осы жерден ұшырылған кемемен жеткен. Ал қазір АҚШ 2011 жылдан бері алғаш рет ғарышқа адамдарды өз аумағынан ұшыруға дайындалып жатыр.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
6/18Совет ғарышкерлері Анатолий Березовой мен Валентин Лебедев 1982 жылы ғарыш сапары алдында әйнектің ар жағынан журналистермен сөйлесіп отыр. Совет кезінде қалыптасқан кей дәстүрлер әлі күнге жалғасып келеді. Мысалы, ғарышкерлер ғарышқа ұшар алдында 1970 жылы түсірілген "Шөл даланың ақ күні" фильмін көріп, өздерін ұшу алаңына жеткізген автобустың артқы дөңгелегіне зәр сындырады. Ал әйел ғарышкерлер зәр құйылған кішкентай ыдысты өздерімен бірге ала барады деп айтылады.
Совет дәуірінде Қазақстан жерінде салынған Байқоңыр ғарыш айлағын қазір Ресей жалға алып, пайдаланып отыр. Бұған дейін оннан астам америкалық астронавт Халықаралық ғарыш станциясына осы жерден ұшырылған кемемен жеткен. Ал қазір АҚШ 2011 жылдан бері алғаш рет ғарышқа адамдарды өз аумағынан ұшыруға дайындалып жатыр.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
7/181988 жылы Байқоңырдан ұшырылған "Боран" ("Буран") ғарыш кемесі – совет өкіметінің ең соңғы ірі ғарыш бағдарламасы. 1991 жылы Совет одағы ыдырады.
Совет дәуірінде Қазақстан жерінде салынған Байқоңыр ғарыш айлағын қазір Ресей жалға алып, пайдаланып отыр. Бұған дейін оннан астам америкалық астронавт Халықаралық ғарыш станциясына осы жерден ұшырылған кемемен жеткен. Ал қазір АҚШ 2011 жылдан бері алғаш рет ғарышқа адамдарды өз аумағынан ұшыруға дайындалып жатыр.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
8/18Байқоңырдың жергілікті тұрғындары, 1999 жылы. Совет одағы тарағаннан кейін Ресей Қазақстаннан Байқоңыр мен ғарыш айлағы аумағын жалға алды.
Совет дәуірінде Қазақстан жерінде салынған Байқоңыр ғарыш айлағын қазір Ресей жалға алып, пайдаланып отыр. Бұған дейін оннан астам америкалық астронавт Халықаралық ғарыш станциясына осы жерден ұшырылған кемемен жеткен. Ал қазір АҚШ 2011 жылдан бері алғаш рет ғарышқа адамдарды өз аумағынан ұшыруға дайындалып жатыр.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
9/18Байқоңыр қаласының әуеден қарағандағы көрінісі. 2009 жылы мұнда 36 мыңға жуық адам тұратын. Қала экономикасы түгел дерлік ғарыш саласына "байланған". Совет дәуірінде қала тұрғындарының 70 пайызға жуығы – этникалық орыс, қалғаны қазақ болатын. Қазір керісінше, тұрғындардың басым бөлігі қазақ та, үштен бірі – орыс.
Совет дәуірінде Қазақстан жерінде салынған Байқоңыр ғарыш айлағын қазір Ресей жалға алып, пайдаланып отыр. Бұған дейін оннан астам америкалық астронавт Халықаралық ғарыш станциясына осы жерден ұшырылған кемемен жеткен. Ал қазір АҚШ 2011 жылдан бері алғаш рет ғарышқа адамдарды өз аумағынан ұшыруға дайындалып жатыр.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
10/18Байқоңырдың орталығындағы мозаика. Ғарыш айлағын 2050 жылға дейін жалға алған Ресей Қазақстанға жыл сайын шамамен 115 миллион доллар төлейді. Мәскеу Қиыр Шығыста жаңадан ғарыш айлағын салып жатыр.
Совет дәуірінде Қазақстан жерінде салынған Байқоңыр ғарыш айлағын қазір Ресей жалға алып, пайдаланып отыр. Бұған дейін оннан астам америкалық астронавт Халықаралық ғарыш станциясына осы жерден ұшырылған кемемен жеткен. Ал қазір АҚШ 2011 жылдан бері алғаш рет ғарышқа адамдарды өз аумағынан ұшыруға дайындалып жатыр.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
11/18Америкалық астронавт Дэн Бёрбэнкті Халықаралық ғарыш станциясына алып ұшуға әзір тұрған "Союз" зымыраны, 2011 жылдың қарашасы. АҚШ 2011 жылы өзінің Space Shuttle бағдарламасын доғарғаннан кейін астронавтарын Халықаралық ғарыш станциясына жеткізуге ресейлік ғарыш кемелерін пайдаланады. Бұл үшін АҚШ Ресейге ондаған миллион доллар төлейді.
Совет дәуірінде Қазақстан жерінде салынған Байқоңыр ғарыш айлағын қазір Ресей жалға алып, пайдаланып отыр. Бұған дейін оннан астам америкалық астронавт Халықаралық ғарыш станциясына осы жерден ұшырылған кемемен жеткен. Ал қазір АҚШ 2011 жылдан бері алғаш рет ғарышқа адамдарды өз аумағынан ұшыруға дайындалып жатыр.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
12/18Байқоңырдан ғарышқа самғаған "Союз" зымыраны. Кейінгі кезде АҚШ ресейлік ғарыш кемесіндегі орынға 86 миллион долларға жуық, яғни 2011 жылғымен салыстырғанда екі есе көп төлеген.
Совет дәуірінде Қазақстан жерінде салынған Байқоңыр ғарыш айлағын қазір Ресей жалға алып, пайдаланып отыр. Бұған дейін оннан астам америкалық астронавт Халықаралық ғарыш станциясына осы жерден ұшырылған кемемен жеткен. Ал қазір АҚШ 2011 жылдан бері алғаш рет ғарышқа адамдарды өз аумағынан ұшыруға дайындалып жатыр.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
13/18АҚШ астронавты Скотт Келли ресейлік ғарышкерлер Александр Калери және Олег Скрипочкамен бірге "Союз" капсуласымен жерге оралды, 2011 жыл. Байқоңырдан ғарышқа ұшырылатын "Союз" зымыраны өте сенімді саналса да, іші өте тар әрі қолайсыз тәрізді. Оның ішіне әжетханаға орын жоқ. Сондықтан Халықаралық ғарыш станциясына дейін екі тәулік ұшатын ғарышкерге сапар кезінде жаялық пайдалануға тура келеді.
Совет дәуірінде Қазақстан жерінде салынған Байқоңыр ғарыш айлағын қазір Ресей жалға алып, пайдаланып отыр. Бұған дейін оннан астам америкалық астронавт Халықаралық ғарыш станциясына осы жерден ұшырылған кемемен жеткен. Ал қазір АҚШ 2011 жылдан бері алғаш рет ғарышқа адамдарды өз аумағынан ұшыруға дайындалып жатыр.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
14/182017 жылы америкалық астронавт пен екі ресейлік ғарышкер мінген «Союз» зымыраны апатқа ұшырады. 2018 жылы Байқоңырдан зымыранның ғарышқа ұшқан сәтін бақылаған блогер Рик Газарян Азаттыққа шетелдіктерге ұшу алаңынан бір километрден сәл алыс жерде тұрып тамашалауға рұқсат еткенін айтты.
Совет дәуірінде Қазақстан жерінде салынған Байқоңыр ғарыш айлағын қазір Ресей жалға алып, пайдаланып отыр. Бұған дейін оннан астам америкалық астронавт Халықаралық ғарыш станциясына осы жерден ұшырылған кемемен жеткен. Ал қазір АҚШ 2011 жылдан бері алғаш рет ғарышқа адамдарды өз аумағынан ұшыруға дайындалып жатыр.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
15/18Байқоңырдағы космонавтика музейі.

16/18"Союз" зымыранын ұшу алаңына апара жатқанын беренді техника үстінде бақылап отырған ресейлік әскерилер.
Совет дәуірінде Қазақстан жерінде салынған Байқоңыр ғарыш айлағын қазір Ресей жалға алып, пайдаланып отыр. Бұған дейін оннан астам америкалық астронавт Халықаралық ғарыш станциясына осы жерден ұшырылған кемемен жеткен. Ал қазір АҚШ 2011 жылдан бері алғаш рет ғарышқа адамдарды өз аумағынан ұшыруға дайындалып жатыр.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
17/18Байқоңыр маңайында жайылып жүрген түйе.
Совет дәуірінде Қазақстан жерінде салынған Байқоңыр ғарыш айлағын қазір Ресей жалға алып, пайдаланып отыр. Бұған дейін оннан астам америкалық астронавт Халықаралық ғарыш станциясына осы жерден ұшырылған кемемен жеткен. Ал қазір АҚШ 2011 жылдан бері алғаш рет ғарышқа адамдарды өз аумағынан ұшыруға дайындалып жатыр.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
18/18"Союз" зымыраны ғарышқа ұшқан сәтті бақылап отырған қазақстандық қыздар, 2009 жыл. Ресей Қиыр Шығыста ғарыш айлағын салып жатқан шақта, Америкалық SpaceX жекеменшік компаниясы АҚШ аумағынан Халықаралық ғарыш станциясына астронавтарды жеткізуді жоспарлап отыр. 27 мамырда, 2011 жылдан бері алғаш рет, АҚШ жерінен ғарышқа адам ұшырылмақ. Ресейдің ескірген зымыран-тасығышы мен оған қызмет көрсететін қазақстандық инфрақұрылымның дәуірі соңына таяғанға ұқсайды.