Accessibility links

Өзбекстан Түркістанда 5 мың орындық мешіт салып жатыр


Қазақстандағы мешіттердің бірі. Көрнекі сурет.
Қазақстандағы мешіттердің бірі. Көрнекі сурет.

Қазақстан оңтүстігіндегі Түркістан қаласында 5 мың орындық ірі мешіт салынып жатыр. Мемлекеттік ақпарат агенттіктерінің жазуынша, былтыр құрылысы басталған мешітті көрші Өзбекстан Түркістанға сыйлаған.

Ресми БАҚ-тың жазуынша, жоба құрылысын Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев қолдаған. Мешіт ішіне - 5 мың, оның маңына тағы 3 мың адам сыяды.

Сәулет кешенінде кітапхана, конгресс-холл, ғұрыптық бөлмелер, 180 орындық медресе, асхана, спорт алаңдары, автотұрақ, субұрқақ болады деп айтылады.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG