Accessibility links

Қарағандыда сот үкіміне наразылық білдірген тұрғын 10 күнге қамалды


Қарағанды тұрғыны Геннадий Нәдірбеков сот ғимаратының алдында тұр. 2 маусым 2020 жыл.

Осы апта басында Қарағанды облыстық сот ғимаратының алдында сот үкіміне наразылық білдірген 49 жастағы Геннадий Нәдірбеков әкімшілік жауапқа тартылды. 2 маусымда ол облыстық сот ғимаратының алдында өзіне шығарылған сот үкімімен келіспейтінін айтып, өзін өртемек болған. Осы акция үшін Нәдірбеков сәрсенбі күні "ұсақ бұзақылық жасады" деп танылып, 10 күнге қамалды.

3 маусымда сот кешкі сағат 6-да басталды, шамамен 1,5 сағатқа созылды.

"Оны 2 маусым күнгі акция үшін жазалады, өздері соған итермелейді емес пе. Осыны күйеуімнің заңсыз ұсталуына байланысты шағымданған кезде прокурорға да айтқанмын. Генаның жүрегі ауырады, есепте тұр, күн сайын таблетка қабылдайды, оны 7 сағаттан ұзақ ұстаған. Сот аяқталған кезде оны көруіме рұқсат бермеді. Ең үлкен жаза берді. Сот оның денсаулық жағдайын және мүгедектігі бар балалары барын ескермеді" деді Нәдірбековтің әйелі Любовь Лукьянова Азаттық тілшісіне.

Әйелінің айтуынша, 3 маусымда таңертең полицейлер Нәдірбековтің үйіне келіп, әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама тапсырған және полиция бөлімшесіне әкететінін айтқан.

Полиция көлігінде отырған кезде Нәдірбеков пен Лукьянова Facebook-та тікелей эфирге шықты. Нәдірбековтің сөзіне қарағанда ол сәрсенбі күні Нұр-Сұлтанға барып, құзырлы органдарға шағымданбақ болған.

Геннадий Нәдірбеков бұған дейін "жалған куәлік етуден бас тартқаным үшін үстімнен қылмыстық іс қозғады, әділетсіз сотталдым" деген. Ол сот тағайындаған 3 млн теңге көлемінде айыппұл төлеуге шамасы жетпейтінін, себебі жұмыс істемейтінін айтқан.

Ал облыстық сот қызметкерлерінің айтуынша, бұған дейін "Алаяқтық" және "Астыртын түрде қылмыстық құқықбұзушылыққа бару" баптары бойынша айыпталған Нәдірбековті сот кінәлі деп тапқан. Апелляциялық алқа үкімді өзгеріссіз қалдырған.

Қазақстанда сот шешіміне наразы азаматтар наразылыққа жиі шығады. Былтыр тамыз айында бір топ азамат бас прокурормен кездесуді талап етіп, "заңсыз сот шешімдерін қайта қарауды" талап еткен.

  • 16x9 Image

    Елена ВЕБЕР

    Елена Вебер - шығармашылық псевдоним. Елена - 2010 жылдан бері Азаттықтың Қарағанды облысы бойынша тілшісі. Теміртау қаласында тұрады. ҚарҰУ-дің филология факультетін бітірген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG