Accessibility links

Алматыда жер сілкінді


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

6 маусымда Алматы уақыты бойынша таңертеңгі сағат 6.10-да қалада жер сілкінді.

Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының (EMSC) дерегінше, дүмпудің эпицентрі Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай шамамен 257 шақырым қашықта - Талдықорған қаласының шығысынан 63 шақырым жерде болған.

Қазақстан білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік орталығының хабарлауынша, жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласының солтүстік-шығысынан 244 км жерде - жердің 25 километр терең қабатында болған. Энергетикалық класы – 12,2, ал магнитудасы 6,2.

Жерасты дүмпуі Алматыда - 2-3 балл, Талдықорғанда 4 балл болып сезілген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG