Accessibility links

Алматыда Абай ескертіші маңында полиция адамдарды ұстады


Абай ескерткіші маңында полиция адамдарды ұстап жатыр. Алматы, 6 маусым 2020 жыл.
Абай ескерткіші маңында полиция адамдарды ұстап жатыр. Алматы, 6 маусым 2020 жыл.

6 маусымда күндізгі сағат 10:30 шамасында Алматыда оппозициялық ұйымдар "митинг орны" деп белгілеген Абай ескерткіші маңында полиция бірнеше адамды ұстап әкетті. Полиция көлігіне отырғызылғандардың бірі "Назарбаев жүйесі құриды", "Қазақстан, алға!" деп айқайлады.

Азаттық оқиға орнынан тікелей эфирде хабар таратып жатыр:

Азаттық тілшілерінің хабарлауынша, Алматыда Достық - Құрманғазы, Абай, Сәтпаев көшелері қиылысын полиция қоршап, "митинг орнына" адамдарды жібермеуге тырысты.

Қоршау маңына жиналған 30-40 шақты адам "біз бұл жаққа төбелес жасау үшін келген жоқпыз, барып пікірімізді айтамыз да кетеміз, жіберіңдер" деп ескерткіш жаққа қарай өткізуді талап етті. Ал полиция қызметкерлері аумақта дезинфекция шаралары жүріп жатқанын айтып, талаптарын орындамады. Мұнда полиция қызметкерлерімен қатар қорғаныш киім киген мамандар да жүр. Бірақ олар нақты қай мекемеден келгендерін айтпады.

Абай ескерткіші маңында полиция наразылық митингісіне келген адамдарды алаңға өткізбей тұр. Алматы, 6 маусым 2020 жыл.
Абай ескерткіші маңында полиция наразылық митингісіне келген адамдарды алаңға өткізбей тұр. Алматы, 6 маусым 2020 жыл.

Жиналған азаматтардың кейбірі сол жерде-ақ пікірлерін айтып жатты. Олар Алматы әуежайының сатылуы, табиғи ресурсқа бай мемлекетте халықтың әлеуметтік жағдайының нашар болуы, орынсыз карантин шаралары сияқты мәселелерді көтерді.

Алматы қаласы прокурорының орынбасары Мұрат Тілеубердиев 6 маусымнан бастап бейбіт жиын туралы жаңа заң күшіне енгенін айтып, бұл митингіге қала билігінің рұқсат бермегенін айтты. Ал құқық қорғаушы Ғалым Ағелеуов осы уақытқа дейін қала әкімдігіне 6 маусымда митинг өтетіні жайлы ескерту берілгенін, биліктің жауап бермегенін айтты.

"Жаңа заңға сәйкес, егер билік жауап бермесе, онда шараға рұқсат етілген болып есептеледі" деді құқық қорғаушы.

Қазір ұстаулар Алматыдан бөлек, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында жалғасып жатыр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG