Accessibility links

Ақтөбеде митинг өтуі тиіс жерде әкімдік жөндеу жүргізді. Полиция ондаған адамды ұстады

Полицияның митингіге келген адамдарды ұстаған сәті. Ақтөбе, 6 маусым 2020 жыл
Полицияның митингіге келген адамдарды ұстаған сәті. Ақтөбе, 6 маусым 2020 жыл

6 маусым күні Ақтөбе қаласында полиция Өнер орталығы маңындағы алаңға митингіге келген ондаған адамды ұстады және адамдардың жиналуына кедергі жасады. Бұл туралы Азаттық тілшісі хабарлады.

Қазақстанның екі оппозициялық тобы жариялаған митингіге Ақтөбеде ондаған адам келді. Олардың арасында ерлі-зайыптылар Нұржамал мен Нағашыбай Байлиевтер бар. Нағашыбай Байлиев “Наразылығын айтқысы келетіндер көп. Бірақ жұрт үйінен шыға алмай отыр. Қазір бізді де аңдып тұрғаны анық. Ұстап әкетпесіне ешкім де кепіл бола алмайды” деді.

Аялдаманы ықтап тұрған әйел “Митингіге келдім. Жер сатылмасын! Адамдарға мәжбүрлі түрде вакцина салынбасын!” деп айта бастаған бойда полиция келіп, оны арнайы автобусқа мәжбүрлеп кіргізді.

6 маусым күні полиция Өнер орталығына барар жолдардың бәрін жіті бақылап тұрды. Жаяу жүргіншілерге сұрақ қойып, аялдамаларға қарай өткізбей жатты. Полиция ұстап әкеткендер талабын айтып үлгермеді.

Ақтөбе облыстық полиция департаменті Азаттыққа қанша адамның ұсталғаны туралы ақпарат бермеді.

“Митингі өтеді” деген алаңда “Aqtobe su-energy group” компаниясына тиесілі бірнеше көлік тұрды. Компанияның баспасөз хатшысы Динара Жаналинаның айтуынша, 6 маусымға қараған түні Өнер орталығына жақын маңдағы құдықтағы су құбырлары жарылған.

- Құбырдың қашан қалпына келетінін нақты айта алмаймыз. Бір анығы – құбырдың жарылуынан қала тұрғындары зардап шеккен жоқ. Қалада ауыз су бар. Тек жақын маңдағы мекемелер ғана ауыз сусыз отыр, - деді Динара Жаналина.

Ел бойынша жарияланған митингіге әлі тіркеуден өтпеген “Демократия партиясы” және “Қазақстанның демократиялық таңдауы” қозғалысы (Қазақстан соты "экстремистік" деп танып, тыйым салған, ал Еуропарламент "бейбіт оппозициялық ұйым" деп атаған) шақырған болатын. Митинг “Бейбіт жиындар туралы" заңның күшіне енуімен тұспа-тұс келді. Бұл наразылық - коронавирусқа байланысты жарияланған төтенше жағдай режимі аяқталған соң өткен алғашқы акция.

Митингіге Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының тұрғындары да шықты. Полиция ол қалаларда да митинг белгіленген орындарды алдын ала қоршап, белсенді азаматтарды ұстап әкетті.

Қазақстандағы билікке қарсы митингіде полиция наразыларды қалай ұстады?

Алматыда митингіге келген жұрт. Алматыда полиция, арнайы жасақ наразылық шарасына келгендерді "митинг орнына" жібермей қоршап алды.
1/17 Алматыда митингіге келген жұрт. Алматыда полиция, арнайы жасақ наразылық шарасына келгендерді "митинг орнына" жібермей қоршап алды.
Алматыда полиция "митинг орны" ретінде белгіленген жерге келген жұртты алаңға өткізбей тұр. Билік өкілдері алаңда "коронавирусқа қарсы дезинфекция шарасы" жүргізілетінін айтып, наразыларды тарауға шақырды. Бірақ жиналғандар оған келіспей, өздерін алаңға өткізуді талап етті.
2/17 Алматыда полиция "митинг орны" ретінде белгіленген жерге келген жұртты алаңға өткізбей тұр. Билік өкілдері алаңда "коронавирусқа қарсы дезинфекция шарасы" жүргізілетінін айтып, наразыларды тарауға шақырды. Бірақ жиналғандар оған келіспей, өздерін алаңға өткізуді талап етті.
Полицейлер билікке талап айтқан наразыларды қоршап тұр. Полиция алаңға өткізбей қойған азаматтардың кейбірі сол жерде-ақ билікке талабын айта бастады. Олар Алматы әуежайының сатылуына, жерді шетелдіктерге жалға беруге қарсы екенін, табиғи ресурсқа бай мемлекетте халықтың кедейлік тауқыметін тартып отырғанын айтты.
3/17 Полицейлер билікке талап айтқан наразыларды қоршап тұр. Полиция алаңға өткізбей қойған азаматтардың кейбірі сол жерде-ақ билікке талабын айта бастады. Олар Алматы әуежайының сатылуына, жерді шетелдіктерге жалға беруге қарсы екенін, табиғи ресурсқа бай мемлекетте халықтың кедейлік тауқыметін тартып отырғанын айтты.
Полиция Абай ескерткіші маңына келген бірнеше адамды ұстап әкетті. Полиция көлікке күштеп салғандардың бірі "Назарбаев жүйесі құриды!", "Қазақстан, алға!" деп айқайлады.
4/17 Полиция Абай ескерткіші маңына келген бірнеше адамды ұстап әкетті. Полиция көлікке күштеп салғандардың бірі "Назарбаев жүйесі құриды!", "Қазақстан, алға!" деп айқайлады.
Арнайы жасақ наразылардың бірін күштеп әкетіп барады.

Алматы қаласы прокурорының орынбасары Мұрат Тілеубердиев "Бейбіт жиын туралы" жаңа заң бүгін, 6 маусымнан бастап күшіне енгенін айтып, бұл митингіге қала билігінің рұқсат бермегенін алға тартты. Ал құқық қорғаушы Ғалым Ағелеуов осы уақытқа дейін қала әкімдігіне 6 маусымда митинг өтетіні жайлы ескерту берілгенін, бірақ биліктің жауап бермегенін айтты.

5/17 Арнайы жасақ наразылардың бірін күштеп әкетіп барады.

Алматы қаласы прокурорының орынбасары Мұрат Тілеубердиев "Бейбіт жиын туралы" жаңа заң бүгін, 6 маусымнан бастап күшіне енгенін айтып, бұл митингіге қала билігінің рұқсат бермегенін алға тартты. Ал құқық қорғаушы Ғалым Ағелеуов осы уақытқа дейін қала әкімдігіне 6 маусымда митинг өтетіні жайлы ескерту берілгенін, бірақ биліктің жауап бермегенін айтты.

Алматыда ұсталғандардың арасында тіркелмеген "Көше партиясының" жақтастары да бар. 19 мамырда астаналық сот тіркелмеген "Көше партиясын" елде экстремистік деп танылған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" (ҚДТ) қозғалысымен бір ұйым деп танып, қызметіне тыйым салған еді. Бұған дейін белсенділер "Көше партиясын" "экстремистік ұйым" ретінде тану туралы сот шешіміне наразылық білдіріп, апелляциялық шағым түсірген.
6/17 Алматыда ұсталғандардың арасында тіркелмеген "Көше партиясының" жақтастары да бар. 19 мамырда астаналық сот тіркелмеген "Көше партиясын" елде экстремистік деп танылған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" (ҚДТ) қозғалысымен бір ұйым деп танып, қызметіне тыйым салған еді. Бұған дейін белсенділер "Көше партиясын" "экстремистік ұйым" ретінде тану туралы сот шешіміне наразылық білдіріп, апелляциялық шағым түсірген.
Наразылар жиналған жерге арнайы қорғаныш киімін кигендер бірнеше рет дезинфекция жасады. Митингіге келгендер "бұл - биліктің кедергісі" деп санайды.
7/17 Наразылар жиналған жерге арнайы қорғаныш киімін кигендер бірнеше рет дезинфекция жасады. Митингіге келгендер "бұл - биліктің кедергісі" деп санайды.
Наразылық шарасы елде "Бейбіт жиын туралы" жаңа заң күшіне енген күнмен тұспа-тұс келді. Бұған қоса, бұл митинг - елде коронавирус тарауына байланысты төтенше жағдай аяқталған соң өтіп жатқан алғашқы шара.
8/17 Наразылық шарасы елде "Бейбіт жиын туралы" жаңа заң күшіне енген күнмен тұспа-тұс келді. Бұған қоса, бұл митинг - елде коронавирус тарауына байланысты төтенше жағдай аяқталған соң өтіп жатқан алғашқы шара.
Қазақстан билігі бұл митингіні заңсыз деп санайды. Ал наразылар "ешкімге зиянымыз тиіп жатқан жоқ, бүлік жасап жатқан жоқпыз, тек билікке талабымызды бейбіт түрде жеткізуге келдік" дейді.
9/17 Қазақстан билігі бұл митингіні заңсыз деп санайды. Ал наразылар "ешкімге зиянымыз тиіп жатқан жоқ, бүлік жасап жатқан жоқпыз, тек билікке талабымызды бейбіт түрде жеткізуге келдік" дейді.
Нұр-Сұлтанда арнайы жасақ наразылыққа келген адамды ұстап әкетіп барады.

Қала полициясы "митинг орны" ретінде белгіленген - Республика алаңын қоршады.
10/17 Нұр-Сұлтанда арнайы жасақ наразылыққа келген адамды ұстап әкетіп барады.

Қала полициясы "митинг орны" ретінде белгіленген - Республика алаңын қоршады.
Нұр-Сұлтанда митингіге келгендер несиені амнистиялауды, биліктің орнынан кетуін, адам құқықтарының бұзылмауын талап етті.
11/17 Нұр-Сұлтанда митингіге келгендер несиені амнистиялауды, биліктің орнынан кетуін, адам құқықтарының бұзылмауын талап етті.
Нұр-Сұлтанда "митинг орнын" полиция темір кедергімен қоршап тастады. Полиция Азаттық тілшісіне алаңның қоршалуы коронавируске қарсы дезинфекциямен байланысты деп айтқан. Бірақ дезинфекция жасаушылардың алаң ішінде ешқандай жұмыс жүргізбеген.
12/17 Нұр-Сұлтанда "митинг орнын" полиция темір кедергімен қоршап тастады. Полиция Азаттық тілшісіне алаңның қоршалуы коронавируске қарсы дезинфекциямен байланысты деп айтқан. Бірақ дезинфекция жасаушылардың алаң ішінде ешқандай жұмыс жүргізбеген.
Азаттық тілшісінің хабарлауынша, Қызылордада полиция кем дегенде 30 адамды ұстады.  Алаңға беттеген наразылардың қолында "Саяси тұтқындарға бостандық", "Белсенділерді қудалауды тоқтатыңдар", "Бас басына би болған өңшең қиқым, мінеки бұзған жоқ па елдің сиқын?" (Абай Құнанбаевтың өлеңінен үзінді) деген жазуы бар плакат болған.
13/17 Азаттық тілшісінің хабарлауынша, Қызылордада полиция кем дегенде 30 адамды ұстады.  Алаңға беттеген наразылардың қолында "Саяси тұтқындарға бостандық", "Белсенділерді қудалауды тоқтатыңдар", "Бас басына би болған өңшең қиқым, мінеки бұзған жоқ па елдің сиқын?" (Абай Құнанбаевтың өлеңінен үзінді) деген жазуы бар плакат болған.
Нұр-Сұлтанда арнайы жасақ наразылардың бірін автозакқа күштеп кіргізіп жатыр.
14/17 Нұр-Сұлтанда арнайы жасақ наразылардың бірін автозакқа күштеп кіргізіп жатыр.
Ақтөбеде де полиция алаңға келген адамдарды ұстады.
15/17 Ақтөбеде де полиция алаңға келген адамдарды ұстады.
Ақтөбеде 6 маусымда күзет күшейді.
16/17 Ақтөбеде 6 маусымда күзет күшейді.
Шымкентте де күзет күшейіп, қалада полиция мен арнайы жасақ қарасы көбейді. Азаттық тілшісінің хабарлауынша, бұл қалада полиция кем дегенде 20 адамды ұстап әкеткен. Семейде де полиция 20-дан астам адамды ұстады.

Ішкі істер министрлігі елде нақты қанша адам ұсталғаны жайлы ресми хабарламады.
17/17 Шымкентте де күзет күшейіп, қалада полиция мен арнайы жасақ қарасы көбейді. Азаттық тілшісінің хабарлауынша, бұл қалада полиция кем дегенде 20 адамды ұстап әкеткен. Семейде де полиция 20-дан астам адамды ұстады.

Ішкі істер министрлігі елде нақты қанша адам ұсталғаны жайлы ресми хабарламады.
Previous slide
Next slide

XS
SM
MD
LG