Accessibility links

Қазақстанда COVID-19 бір күнде 478 адамнан табылды. Билік ауру белгісі бары – 165, жоғы – 313 дейді


Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус 478 адамнан табылған. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрілігі хабарлады. Ақпаратқа сәйкес, COVID-19 ауруының белгілері тек 165 адамнан байқалған.

Министрлік 6 маусымда коронавирус жұқтырғандарды ауру белгілерінің бар-жоғына байланысты екі бөлек санай бастайтынын мәлімдеген болатын.

Ауру белгісі бар санаты бойынша вирус жұқтырудың ең көп жағдайы Алматы (32) және Нұр-Сұлтан (24) қалаларында тіркелген. Ауру белгісі жоқ санаты бойынша көш басында: Нұр-Сұлтан (62) және Шымкент (49), Алматы (40) қалалары.

Бір күнде коронавирустан үш адам көз жұмған. Емделіп шыққандар саны – 241.

Қазақстанда ресми мәлімет бойынша, коронавирустан 56 адам қайтыс болған. 4 маусымда денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус жұққан 37 науқас "өзге аурулардан" қайтыс болды, коронавирус инфекциясы оларда ілеспе ауру түрінде кездескен деп мәлімдеді.

Азаттық тілшілері Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкентте коронавирустан көз жұмған адамдар туралы ресми дерек пен вирус жұқтырғандар зиратына жерленгендер саны арасында айырмашылық барын анықтаған болатын.

Әлем елдерінің басым бөлігі коронавирус жұққан қайтыс болған барлық науқастарды негізгі статистикаға енгізеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы осындай кеңес берген.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG