Accessibility links

Қарағанды орталығындағы атыс: екі адам жараланды, оқ атушыға іздеу жарияланды


Қарағанды облысы Қазақстан картасында
Қарағанды облысы Қазақстан картасында

Қарағанды орталығында атыс болып, 31 және 32 жастағы екі ер азамат жарақат алған. Біреуінің екі аяғы зақымданған, екіншісінің бір аяғына оқ тиген. Атысқа қатысқандардың кейбіреуі қашып үлгерген. Полиция оқ атқан адамға іздеу салды.

- Мақажанов клиникасына аяғын оқ тиіп, сүйегі сынған екі адам түсті. Сүйек тиген оқтан сынған. Науқастардың қазіргі жағдайы – орташа ауыр – деді Азаттыққа Мақажанов атындағы облыстық травматология және ортопедия орталығында.

Полиция ауданды қоршап, қылмыс орнына журналистерді жібермеді. Куәгерлердің айтуынша, атысқа дейін үй алаңында жас азаматтар жиналып, дауыс көтере сөз таластырып, кейіннен біреуі қаруынан оқ ата бастаған.

"Белгісіз кісі ұрыс кезінде анықталмаған қарудан даудың екі қатысушысына оқ атқан. Оқиға қатысушыларының кім екені және қандай жағдай болғаны анықталып жатыр. Күдіктіні анықтау және ұстау үшін облыстың ішкі істер органының бүкіл құрамына нұсқаулық берілді" - деді Қарағанды облысы полициясы.

Полицияның хабарлауынша, қару қолдану арқылы жасалған бұзақылық ісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG