Accessibility links

Oyan, Qazaqstan жастары Әсия Төлесова сотын онлайн көрсетуді талап етті

Сот ғимараты алдында Oyan, Qazaqstan жастары наразылық өткізіп жатыр. Алматы, 10 маусым 2020 жыл.
Сот ғимараты алдында Oyan, Qazaqstan жастары наразылық өткізіп жатыр. Алматы, 10 маусым 2020 жыл.

Сәрсенбі күні түстен кейін Oyan, Qazaqstan жастар қозғалысының 15 шақты өкілі Алматы қалалық тергеу сотының алдында наразылық өткізіп, белсенді Әсия Төлесоваға бұлтартпас шара қолдануға байланысты сотты онлайн көрсетуді талап етті.

Қолдарына "Әсияны босат!", "Әділ сот" деген жазуы бар плакат ұстаған жастар белсендінің соты іште өтіп жатқан кезде ғимарат сыртында "Онлайн трансляция" деп айқайлады.

"Билік өкілін қорлау" бабы бойынша күдікке ілінген белсенді Әсия Төлесова осы апта басында уақытша қамау изоляторына қамалған болатын. Бұған дейін тергеуші оны сот басталғанға дейін қамауда ұстау туралы өтініш түсірген. Ал қорғау тарабы Төлесова күдікке ілінген бап бойынша ең көбі үш жыл түрме жазасы қарастырылғандықтан тергеушінің өтініші негізсіз деп айтқан. Қылмыстық-процессуалдық кодекске сәйкес, қамау шарасы кемінде бес жыл жаза қарастырылған күдіктілерге қатысты қолданылады.

Алматы қалалық тергеу сотының алдында белсенді Әсия Төлесованың сотын күтіп отырған Oyan,Qazaqstan белсенділері. Алматы, 10 маусым 2020 жыл.
Алматы қалалық тергеу сотының алдында белсенді Әсия Төлесованың сотын күтіп отырған Oyan,Qazaqstan белсенділері. Алматы, 10 маусым 2020 жыл.

Әсия Төлесоваға бұлтартпас шара қолдану туралы сот 10 маусымда Алматы қалалық мамандандырылған ауданаралық тергеу сотында күндізгі сағат 15.00 шамасында басталған. Сот онлайн түрде өтіп жатыр, бірақ судья қорғау тарабына соттан онлайн трансляция жасауға мүмкіндік бермеген.

Сәрсенбі күні сотты онлайн көрсетуді талап еткен Oyan, Qazaqstan жастарына сот қызметкерлерінің бірі шығып, "өзге процестерге кедергі келтірмеу қажеттігін" айтып еді, жастар "талаптары орындалмайынша ғимарат сыртынан кетпейтінін" айтты.

Белсенді, Almaty Urban Air ұйымының жетекшісі Әсия Төлесова 6 маусым күнгі митингіге байланысты полицияда тергелгеннен кейін дүйсенбі күні түнде ұсталған. Оның үстінен "Билік өкілін қорлау" және "Билік өкiлiнің қызметтік міндеттерін орындағаны үшін одан кек алу мақсатында өмiрiне не денсаулығына қауiпті емес күш қолдану" бабы (378, 380) бойынша іс қозғалған.

Бұл баптар бойынша, ең ауыр жаза - 3000 АЕК (8,1 млн теңге) айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына я 800 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмысқа тарту не 3 жылға дейін бас бостандығын шектеу не бас бостандығынан айыру қарастырылған.

Осыған дейін желіде Төлесованың жанында тұрған полицияның фуражкасын қағып қалған сәті көрінген видео тараған еді. Бұл оқиға 6 маусым, елде билікке қарсы наразылық кезінде түсірілген. Жақтастарының айтуынша, белсенді сол күні полицияның наразы азаматтарға күш қолдануын тоқтатпақ болған. Бір-бірін мойындамайтын екі оппозициялық ұйымның митингілері өткен күні Төлесованы полиция екі рет ұстаған. Ол өзге жастармен бірге ұсталғандарды босатуды талап еткен. Бұған дейін құқық қорғаушылар сол күні полицияның Әсия Төлесованы күшпен бөлімшеден шығарып жібергенін хабарлаған.

Қазақстандағы билікке қарсы митингіде полиция наразыларды қалай ұстады?

Алматыда митингіге келген жұрт. Алматыда полиция, арнайы жасақ наразылық шарасына келгендерді "митинг орнына" жібермей қоршап алды.
1/17 Алматыда митингіге келген жұрт. Алматыда полиция, арнайы жасақ наразылық шарасына келгендерді "митинг орнына" жібермей қоршап алды.
Алматыда полиция "митинг орны" ретінде белгіленген жерге келген жұртты алаңға өткізбей тұр. Билік өкілдері алаңда "коронавирусқа қарсы дезинфекция шарасы" жүргізілетінін айтып, наразыларды тарауға шақырды. Бірақ жиналғандар оған келіспей, өздерін алаңға өткізуді талап етті.
2/17 Алматыда полиция "митинг орны" ретінде белгіленген жерге келген жұртты алаңға өткізбей тұр. Билік өкілдері алаңда "коронавирусқа қарсы дезинфекция шарасы" жүргізілетінін айтып, наразыларды тарауға шақырды. Бірақ жиналғандар оған келіспей, өздерін алаңға өткізуді талап етті.
Полицейлер билікке талап айтқан наразыларды қоршап тұр. Полиция алаңға өткізбей қойған азаматтардың кейбірі сол жерде-ақ билікке талабын айта бастады. Олар Алматы әуежайының сатылуына, жерді шетелдіктерге жалға беруге қарсы екенін, табиғи ресурсқа бай мемлекетте халықтың кедейлік тауқыметін тартып отырғанын айтты.
3/17 Полицейлер билікке талап айтқан наразыларды қоршап тұр. Полиция алаңға өткізбей қойған азаматтардың кейбірі сол жерде-ақ билікке талабын айта бастады. Олар Алматы әуежайының сатылуына, жерді шетелдіктерге жалға беруге қарсы екенін, табиғи ресурсқа бай мемлекетте халықтың кедейлік тауқыметін тартып отырғанын айтты.
Полиция Абай ескерткіші маңына келген бірнеше адамды ұстап әкетті. Полиция көлікке күштеп салғандардың бірі "Назарбаев жүйесі құриды!", "Қазақстан, алға!" деп айқайлады.
4/17 Полиция Абай ескерткіші маңына келген бірнеше адамды ұстап әкетті. Полиция көлікке күштеп салғандардың бірі "Назарбаев жүйесі құриды!", "Қазақстан, алға!" деп айқайлады.
Арнайы жасақ наразылардың бірін күштеп әкетіп барады.

Алматы қаласы прокурорының орынбасары Мұрат Тілеубердиев "Бейбіт жиын туралы" жаңа заң бүгін, 6 маусымнан бастап күшіне енгенін айтып, бұл митингіге қала билігінің рұқсат бермегенін алға тартты. Ал құқық қорғаушы Ғалым Ағелеуов осы уақытқа дейін қала әкімдігіне 6 маусымда митинг өтетіні жайлы ескерту берілгенін, бірақ биліктің жауап бермегенін айтты.

5/17 Арнайы жасақ наразылардың бірін күштеп әкетіп барады.

Алматы қаласы прокурорының орынбасары Мұрат Тілеубердиев "Бейбіт жиын туралы" жаңа заң бүгін, 6 маусымнан бастап күшіне енгенін айтып, бұл митингіге қала билігінің рұқсат бермегенін алға тартты. Ал құқық қорғаушы Ғалым Ағелеуов осы уақытқа дейін қала әкімдігіне 6 маусымда митинг өтетіні жайлы ескерту берілгенін, бірақ биліктің жауап бермегенін айтты.

Алматыда ұсталғандардың арасында тіркелмеген "Көше партиясының" жақтастары да бар. 19 мамырда астаналық сот тіркелмеген "Көше партиясын" елде экстремистік деп танылған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" (ҚДТ) қозғалысымен бір ұйым деп танып, қызметіне тыйым салған еді. Бұған дейін белсенділер "Көше партиясын" "экстремистік ұйым" ретінде тану туралы сот шешіміне наразылық білдіріп, апелляциялық шағым түсірген.
6/17 Алматыда ұсталғандардың арасында тіркелмеген "Көше партиясының" жақтастары да бар. 19 мамырда астаналық сот тіркелмеген "Көше партиясын" елде экстремистік деп танылған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" (ҚДТ) қозғалысымен бір ұйым деп танып, қызметіне тыйым салған еді. Бұған дейін белсенділер "Көше партиясын" "экстремистік ұйым" ретінде тану туралы сот шешіміне наразылық білдіріп, апелляциялық шағым түсірген.
Наразылар жиналған жерге арнайы қорғаныш киімін кигендер бірнеше рет дезинфекция жасады. Митингіге келгендер "бұл - биліктің кедергісі" деп санайды.
7/17 Наразылар жиналған жерге арнайы қорғаныш киімін кигендер бірнеше рет дезинфекция жасады. Митингіге келгендер "бұл - биліктің кедергісі" деп санайды.
Наразылық шарасы елде "Бейбіт жиын туралы" жаңа заң күшіне енген күнмен тұспа-тұс келді. Бұған қоса, бұл митинг - елде коронавирус тарауына байланысты төтенше жағдай аяқталған соң өтіп жатқан алғашқы шара.
8/17 Наразылық шарасы елде "Бейбіт жиын туралы" жаңа заң күшіне енген күнмен тұспа-тұс келді. Бұған қоса, бұл митинг - елде коронавирус тарауына байланысты төтенше жағдай аяқталған соң өтіп жатқан алғашқы шара.
Қазақстан билігі бұл митингіні заңсыз деп санайды. Ал наразылар "ешкімге зиянымыз тиіп жатқан жоқ, бүлік жасап жатқан жоқпыз, тек билікке талабымызды бейбіт түрде жеткізуге келдік" дейді.
9/17 Қазақстан билігі бұл митингіні заңсыз деп санайды. Ал наразылар "ешкімге зиянымыз тиіп жатқан жоқ, бүлік жасап жатқан жоқпыз, тек билікке талабымызды бейбіт түрде жеткізуге келдік" дейді.
Нұр-Сұлтанда арнайы жасақ наразылыққа келген адамды ұстап әкетіп барады.

Қала полициясы "митинг орны" ретінде белгіленген - Республика алаңын қоршады.
10/17 Нұр-Сұлтанда арнайы жасақ наразылыққа келген адамды ұстап әкетіп барады.

Қала полициясы "митинг орны" ретінде белгіленген - Республика алаңын қоршады.
Нұр-Сұлтанда митингіге келгендер несиені амнистиялауды, биліктің орнынан кетуін, адам құқықтарының бұзылмауын талап етті.
11/17 Нұр-Сұлтанда митингіге келгендер несиені амнистиялауды, биліктің орнынан кетуін, адам құқықтарының бұзылмауын талап етті.
Нұр-Сұлтанда "митинг орнын" полиция темір кедергімен қоршап тастады. Полиция Азаттық тілшісіне алаңның қоршалуы коронавируске қарсы дезинфекциямен байланысты деп айтқан. Бірақ дезинфекция жасаушылардың алаң ішінде ешқандай жұмыс жүргізбеген.
12/17 Нұр-Сұлтанда "митинг орнын" полиция темір кедергімен қоршап тастады. Полиция Азаттық тілшісіне алаңның қоршалуы коронавируске қарсы дезинфекциямен байланысты деп айтқан. Бірақ дезинфекция жасаушылардың алаң ішінде ешқандай жұмыс жүргізбеген.
Азаттық тілшісінің хабарлауынша, Қызылордада полиция кем дегенде 30 адамды ұстады.  Алаңға беттеген наразылардың қолында "Саяси тұтқындарға бостандық", "Белсенділерді қудалауды тоқтатыңдар", "Бас басына би болған өңшең қиқым, мінеки бұзған жоқ па елдің сиқын?" (Абай Құнанбаевтың өлеңінен үзінді) деген жазуы бар плакат болған.
13/17 Азаттық тілшісінің хабарлауынша, Қызылордада полиция кем дегенде 30 адамды ұстады.  Алаңға беттеген наразылардың қолында "Саяси тұтқындарға бостандық", "Белсенділерді қудалауды тоқтатыңдар", "Бас басына би болған өңшең қиқым, мінеки бұзған жоқ па елдің сиқын?" (Абай Құнанбаевтың өлеңінен үзінді) деген жазуы бар плакат болған.
Нұр-Сұлтанда арнайы жасақ наразылардың бірін автозакқа күштеп кіргізіп жатыр.
14/17 Нұр-Сұлтанда арнайы жасақ наразылардың бірін автозакқа күштеп кіргізіп жатыр.
Ақтөбеде де полиция алаңға келген адамдарды ұстады.
15/17 Ақтөбеде де полиция алаңға келген адамдарды ұстады.
Ақтөбеде 6 маусымда күзет күшейді.
16/17 Ақтөбеде 6 маусымда күзет күшейді.
Шымкентте де күзет күшейіп, қалада полиция мен арнайы жасақ қарасы көбейді. Азаттық тілшісінің хабарлауынша, бұл қалада полиция кем дегенде 20 адамды ұстап әкеткен. Семейде де полиция 20-дан астам адамды ұстады.

Ішкі істер министрлігі елде нақты қанша адам ұсталғаны жайлы ресми хабарламады.
17/17 Шымкентте де күзет күшейіп, қалада полиция мен арнайы жасақ қарасы көбейді. Азаттық тілшісінің хабарлауынша, бұл қалада полиция кем дегенде 20 адамды ұстап әкеткен. Семейде де полиция 20-дан астам адамды ұстады.

Ішкі істер министрлігі елде нақты қанша адам ұсталғаны жайлы ресми хабарламады.
Previous slide
Next slide

XS
SM
MD
LG