Accessibility links

Лондонда наразылық акциясы өтіп, ондаған адам ұсталды


Уинстон Черчилль ескерткіші маңындағы шеру. Лондон, 13 маусым 2020 жыл.
Уинстон Черчилль ескерткіші маңындағы шеру. Лондон, 13 маусым 2020 жыл.

Билік ескертуіне қарамастан 13 мамырда Лондонда мыңдаған адам қатысқан шеру өтіп, наразылық кезінде полицейлер шабуылға ұшыраған. Оңшыл белсенділер тарихи ескерткішті қорғауға келгенін айтқан.

Скотланд-Ярдтың хабарлауынша, наразылық кезінде жүзден астам адам ұсталған. Полиция оларды күш қолданып, қоғам тәртібін бұзғаны үшін, полицейлерге шабуыл жасап, суық қару ұстағаны үшін ұстаған. Бірнеше полицей жеңіл жарақат алған.

Премьер-министр Борис Джонсон британ қалаларында "нәсілдік бұзақылыққа" жол берілмейді деп атап өткен. Бұл күні Лондон және өзге қалаларда ескерткішпен қатар нәсілшілдікке қарсы акция өткен.

Лондон полициясы шеру кешкі сағат 17.00-де бітуі тиіс деп талап қойғанмен кейбір наразылар түнге дейін акция орнынан кетпеген.

Полиция Уинстон Черчилль ескерткішін қорғаныш панельдерімен жауып, ескерткіш айналасына күзет қойған. Жақында ғана мұнда Черчилльді нәсілшіл деп сипаттаған жазу пайда болған еді.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG