Accessibility links

Ресми статистикаға кірмеген COVID-19 тасымалдаушылары 5 мыңға жуықтады


COVID-19 пандемия кезінде қорғаныс маскасын тарату. Нұр-Сұлтан, Қазақстан, 21 мамыр, 2020 жыл
COVID-19 пандемия кезінде қорғаныс маскасын тарату. Нұр-Сұлтан, Қазақстан, 21 мамыр, 2020 жыл

14 маусым күні Қазақстан коронавирус індет белгілері байқалмаған 490 адамнан табылды. Олардың жартысына жуығы Алматы (94), Шымкент (70) және Нұр-Сұлтан (69) қалаларында. Екі аптаға жуық уақыт ішінде ауру белгісі жоқ "тасымалдаушылар" саны 4892-ге жетті.

Қазақстан билігі 3 маусымнан вирус табылған адамдарды індет белгілерінің бар-жоғына қарай “ауырғандар” және “тасымалдаушылар” деп бөліп, екі бөлек санақ жүргізіп келеді. Соңғысы ресми статистикада көрсетілмейді. Коронавирустың таралуын бақылап отырған әлемдік денсаулық сақтау ұйымдары мен орталықтары Қазақстан деректері бойынша биліктің coronavirus2020.kz деп аталатын ресми сайтына сүйенеді. Ол жерде де “тасымалдаушылар” көрсетілмеген.

Індет белгісі бар-жоқ деп бөлмей бірге санағанда, Қазақстанда бір тәулікте 803 адамнан коронавирус анықталған. Ал вирус жұқтырғандардың жалпы саны 19701-ге жетіп отыр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG