Accessibility links

Белсенді Закированың сотында судьяға сенімсіздік білдірген шағымы қанағаттандырылмады


Санавар Закирова (сол жақта) мен Жанара Балғабаева сот отырысында. 20 маусым 2020 жыл.
Санавар Закирова (сол жақта) мен Жанара Балғабаева сот отырысында. 20 маусым 2020 жыл.

Алматы қаласы Медеу аудандық сотында "әдейі денсаулыққа орта дәрежеде зиян келтірді" деп айыпталған белсенді Санавар Закированың ісі бойынша сот жалғасып, оның судьяға сенімсіздік білдірген шағымы қанағаттандырылмады.

Закирова "8 наурызда "Нұр Отан" партиясының Т.Ш есімді мүшесінің 39 жастағы Д.Ш есімді қызына әдейі денсаулығына зиян келдірді" деген айып тағылған. Өткен аптада белсенді "судья Залина Махарадзе бұра тартады" деп сенімсіздік білдірген.

Бұған дейін судья Закироваға түскен шағымды екіге бөлген. Қазір ол екі қылмыстық іс бойынша сотқа қатысып жатыр. Бірінде - айыпталушы, екінші істе - бірінші іс бойынша шағымданушыны айыптаушы. Екі істі де судья Махарадзе қарап жатыр. Бірінші істе Закированы Жанара Балғабаева қорғайды. Екінші істе басқа адвокат.

Бұған қоса, Закирова Алматы облысы Алмалы аудандық сотында тағы бір сотқа қатысып жүр. Ол Д.Ш есімді қыздың шешесі, "Нұр Отан" партиясының мүшесі Т.Ш. үстінен шағым түсірген. Бұл істе де Закированы Балғабаева қорғап жатыр. Адвокат бұған дейін судья Ернар Қасымбековке сенімсіздік білдіргенімен, оның шағымы қанағаттандырылмады.

Закирова ешқайда кетпеу туралы қолхатпен жүр. Келесі сот отырысы қашан өтетіні белгісіз.

  • 16x9 Image

    Қазис ТОҒЫЗБАЕВ

    Қазис Тоғызбаев 2008 жылғы қыркүйектен бастап өмірінің соңына, яғни 2021 жылғы 28 ақпанға дейін Азаттықтың Алматыдағы тілшісі ретінде еңбек етті. Азаттыққа дейін оппозициялық "Сөз" және "Азат" газеттерінде, kub.info сайтында тілші болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG