Accessibility links

Қазақстанда вирус жұқтырған 119 науқастың жағдайы ауыр


Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі елде коронавирус жұқтырған 119 адам жансақтау бөлімінде жатқанын хабарлады.

Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ләззат Ақтаева министрліктің Facebook парақшасындағы эфирде елде 5795 науқас ауруханада жатқанын мәлімдеді.

"Науқастардың 85 пайызының жағдайы қалыпты. 12,8 пайызының жағдайы орташа, 119 адам жансақтау бөлімінде жатыр" деді ол.

Ақтаева қазір денсаулық сақтау министі міндетін уақытша атқарып отыр. Ал елдің денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус жұқтырып, емделіп жатыр.

15 маусымдағы ресми дерек бойынша, Қазақстанда 13 наурыздан бері жиынтығы 20684 (15192 симптомы бар + 5492 симптомсыз) адамнан коронавирус табылған. 9873 адам дерттен айыққан. 81 адам коронавирустан қайтыс болды. Билік қайтыс болғандар арасында коронавирус жұқтырғаны анықталған ондаған адамды "өліміне басқа дерт себеп болды" деп ресми статистикаға қоспай отыр. Мәселен, Алматы қаласында ресми дерек бойынша, коронавирустан 12 адам қайтыс болған. Бірақ қала іргесіндегі "коронавирус зиратында" 64 адам жерленген.

Алматы іргесіндегі "коронавирус зиратына" 64 адам жерленген. Ресми статистикада - 12 марқұм

Алматы іргесіндегі "коронавирус зиратына" 64 адам жерленген. Ресми статистикада - 12 марқұм
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:00 0:00

Қазақстанда COVID-19 диагнозымен алғашқы науқастар тіркелген 13 наурыздан бері коронавирус жұқтырғандар есебі бірыңғай жүргізіліп келген еді. Бірақ 3 маусымнан бастап билік "симптомы барлар" мен "симптомы жоқтарды" екі бөлек есептеуге көшкен. Азаттық сөйлескен кейбір мамандар бұлайша есептеу "елдегі инфекцияның нақты картинасын көруге қиындық келтіретінін" айтып, министрлікті "статистикамен манипуляция жасап отыр" деп сынайды.

Кейінгі бір аптада елде күнделікті анықталып жатқан вирус жұқтырғандар саны көбейіп бара жатыр. 12 маусымда 944 адамнан, 13 маусымда - 878, 14 маусымда - 803, ал 15 маусымда 983 адамнан (антирекорд) вирус анықталған (биліктің есебінше, көбі – симптомсыз).

Коронавирус көрсеткіші ұлғайғаннан кейін билік елдің басым бөлігінде карантин шараларын қайта күшейтті.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG