Accessibility links

Елде вирустан көз жұмғандар 105 адамға жетті. Марқұмдардың бірі 32 жаста


Денсаулық сақтау министрлігі елде тағы бес адам коронавирустан көз жұмғанын хабарлады. 18 маусымдағы дерекке сай, Нұр-Сұлтанда 32 жастағы ер адам, Ақмола облысында 40 жастағы ер адам, Қарағанды облысында 64 жастағы ер адам, Алматы қаласында 58 және 65 жастағы ер адам COVID-19 індетінен көз жұмды

Өлім-жітімді зерттеу комиссиясы бұл марқұмдардың қазасына COVID-19 дерті себеп болды деген шешім қабылдаған.

Қазақстанда коронавирустан барлығы 105 адам қайтыс болды:

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 25
  • Алматы қаласы – 17
  • Павлодар облысы – 13
  • Шымкент қаласы – 12
  • Қарағанды облысы – 10
  • Ақмола облысы – 7
  • Батыс Қазақстан облысы – 6
  • Түркістан облысы – 5
  • Атырау облысы – 3
  • Қостанай облысы – 2
  • Маңғыстау облысы – 2
  • Шығыс Қазақстан облысы – 1
  • Жамбыл облысы – 1
  • Ақтөбе облысы – 1

Қазақстан билігі коронавирус жұқтырған кем дегенде 54 марқұмды ресми статистикаға қоспай отыр. Министрлік олардың өліміне "коронавирус емес, басқа дерттері себеп болды" дейді.

Елде коронавирус жұқтырғандар көбейіп кеткендіктен осы сенбі-жексенбі, 20-21 маусым шектеу күшейді. Алматы, Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Шымкент, Павлодар мен Екібастұзда ірі сауда, қызмет көрсету орындарының, жабық азық-түлік және өзге базарлардың жұмысы тоқтап, қоғамдық көлік қызметі шектеледі. Саябақтар, скверлер, жаяу серуен аймағы, өзен, су қоймаларының жағалауы, тау шаңғысы курорттары мен өзге де қоғамдық орындар жабылады. Спортзал, фитнес орталықтарының қызметі тоқтатылады. Демалыс күндері қоғамдық көліктер жұмыс істемейді.

Тұрғын саны 50 мыңнан асатын қалаларда саябақ, жағалау, жағажай, аквапарктер жұмысы тоқтатылады. 65 жастан асқан адамдардың далаға шығуына болмайды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG