Accessibility links

Германия Ресей үкіметін Берлинде адам өлтіруге тапсырыс берді деп айыптады


Зелимхан Хангошвили.
Зелимхан Хангошвили.

Германияның федералды прокуратурасы бұрынғы шешен командирі Зелимхан Хангошвилиді тапсырыспен өлтірді деп күдікке ілінген адамға айып тақты. Бұл туралы ақпарат ведомство сайтында жарияланды. Онда күдіктінің Ресей үкімет органдарының тапсырысы бойынша қылмыс жасағаны айтылған.

Прокуратураның айтуынша, Ресей үкіметіне қарайтын ведомстволар күдіктіге Хангошвилидің көзін құрту туралы тапсырма берген.

"Тапсырыс беруге Зелимханның Ресей үкіметі, Шешенстан Республикасы мен Ингушетия үкіметі, сонымен бірге Грузияның ресейшіл үкіметімен жауласуы себеп болған" делінген құжатта. Ондағы ақпаратқа сәйкес, Хангошвили шешен сепаратистері қатарында федералдық әскерге қарсы соғысқан, 2008 жылы Оңтүстік Осетия мен Ресей армиясымен соғысу үшін Грузияда әскер жинаған.

Хангошвили былтыр 15 тамызда Берлинде атып өлтірілген. Шабуылдан кейін оны өлтірді деп күдікке ілінген адам бірден ұсталды. Германия билігі күдіктінің аты-жөнін жариялаған жоқ. Журналист-зерттеушілердің жазуынша, оның аты-жөні Вадим Красиков. Ол бұрын ФСБ-ның арнайы жасағы құрамында болған және тапсырыс бойынша адам өлтіру істеріне араласқан. Ресейде біраз уақыт оған іздеу жарияланған, бірақ кейінірек белгісіз себеппен іздеу тоқтатылған. Ол Германияға жалған құжаттармен барған.

Ресей билігі Хангошвили шабуылына қатысы жоғын айтады. Президент Владимир Путин Зелимхан Хангошвили Мәскеу метросында жарылыс ұйымдастырмақ болды деп мәлімдеген. Путин Хангошвили "қарақшылар төбелесінен" қаза болуы мүмкін деп топшылаған. Оның айтуынша, Ресей билігі оны елге экстрадициялауға тырысқан. Ал Германия билігі мұны жоққа шығарады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG