Accessibility links

АҚШ жоғарғы соты Трамп жойғысы келген DACA бағдарламасын қалпына келтірді


АҚШ-тың жоғарғы соты.
АҚШ-тың жоғарғы соты.

АҚШ жоғарғы соты президент Дональд Трамптың иммигранттардың балаларын қорғау бағдарламасын тоқтату туралы шешімін бұғаттады.

Бейсенбі күні жоғары сот органы DACA бағдарламасын (Deferred Action for Childhood Arrivals) заңсыз деп тапқан төменгі инстанцияда қабылданған шешімнің күшін жойды. Бұл шешім балалық шағында АҚШ-қа ата-анасымен бірге заңсыз келген мыңдаған иммигрантты депортациядан қорғайды. DACA бағдарламасы Барак Обама тұсында енгізілген.

"Америка дауысы" сайтының жазуынша, жоғарғы соттың бес судьясы төменгі инстанцияда қабылданған шешімнің күші жойылсын деп дауыс берген, төртеуі қарсы болған. Консервативті көзқарастағы сот алқасының төрағасы Джон Робертс либерал ұстаным білдірген судьяларды қолдаған.

Дональд Трамп шешімге байланысты пікірін айтты. Ол Twitter желісінде DACA ғана емес, жоғарғы соттың соңғы шешімдері "жаңа судьялар керектігін көрсетті" деп жазған.

DACA бағдарламасының шамамен 700 мың жас иммигрантқа қатысы бар. Олардың басым бөлігі Латын Америкадан келген. АҚШ-тан депортацияланбайтын жастардың мұнда оқу оқып, білім алуына мүмкіндігі пайда болады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG