Accessibility links

Ұлыбритания: Редингтегі шабуылдан үш адам қаза болды


Оқиға орнында жүрген полиция қызметкерлері. Рединг, 20. маусым 2020 жыл.
Оқиға орнында жүрген полиция қызметкерлері. Рединг, 20. маусым 2020 жыл.

20 маусымда кешке Лондон батысындағы Рединг қаласында саябақта болған шабуылдан үш адам қаза болды, үш адам жарақаттанды. Бұл туралы британ ақпарат құралдары хабарлады.

BBC сайтының жазуынша, оқиға орнына терроризммен күрес жөніндегі бөлім қызметкерлері барған. Бастапқыда полиция оқиғаны террор ретінде қарастырып отырмағанын мәлімдеген еді. Кейінірек "террористік шабуыл" ретінде зерттеліп жатқаны белгілі болды.

Полиция оқиға орнында 25 жастағы ер адамды ұстап, қамауға алған. Ол адам өлтіру фактісі бойынша күдікке ілінген.

Reuters агенттігінің жазуынша, жергілікті басқарма адам өлімі бар дегенмен қаза болғандардың нақты санын айтпаған. Темз-Вэлли округының полициясы күдікті туралы ақпарат бермеген. Ал BBC, Telegraph, Sky News үш адамның қаза болғанын жазды.

Ұлыбританияның премьер-министрі Борис Джонсон "адам шошырлық оқиғадан" зардап шеккендермен бірге екенін айтты. Премьер-министр Twitter-де жедел әрекет ету қызметінің мамандарына да алғыс айтты. Ішкі істер министрі Прити Пател Редингте болған оқиғаға алаңдаушылық білдірді.

Шабуыл болған саябақта 20 маусымда Black Lives Matter акциясы өткен, алайда кейбір Twitter қолданушылары наразылық акциясының оқиғаға дейін бірнеше сағат бұрын аяқталғанын айтқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG