Accessibility links

Бір күнде 1,5 мыңға жуық адамнан КВИ анықталды. Оның ішінде симптомы бары 500-ден асты


COVID-19 ауруының бар-жоғын анықтайтын мобильді тестілеу орталығы. Алматы, Қазақстан. 17 маусым 2020 жыл.
COVID-19 ауруының бар-жоғын анықтайтын мобильді тестілеу орталығы. Алматы, Қазақстан. 17 маусым 2020 жыл.

Кеше, 21 маусым күні Қазақстанда 1471 адамнан коронавирус инфекциясы (КВИ) анықталды. Оның 507-сінде ауру симптомдары бар. Бір тәулікте 226 адам жазылып шыққан, екі адам қайтыс болған.

Ауру симптомы барлар бойынша, Нұр-Cұлтан аймақтар бойынша алда түр. Ел астанасында коронавирус пен оның симптомдары 103 адамнан анықталды. Екінші орында - Қарағанды облысы (58 адам). Ауру белгілері жоқ жағдайлар бойынша алғашқы үштікте - Қарағанды облысы (140 адам), Атырау облысы (137 адам) және Шымкент қаласы (86 адам).

Қазақстан билігі 3 маусымнан коронавирус жұқтырғандарды ауру белгісінің бар-жоғына қарай екі бөлек есептеп келеді. Ауру белгілері барын “ауырғандар”, жоғын “тасымалдаушы” деп аталды. Билік соңғысын вирус жұқтырғандардың негізгі статистикасына кіргізбей отыр. Ал коронавирустың таралуын бақылап отырған әлемдік денсаулық сақтау ұйымдары мен орталықтары биліктің ресми дерегіне сүйеніп, Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандардың санын көрсетерде ауру белгісі жоқ жағдайларды ескермей отыр.

Елде соңғы үш айда 27 541 адамнан КВИ анықталды. “Ауырғандар” - 17732, "тасымалдаушылар” – 9809. Он бір мыңға жуық адам жазылып шықты, 120 адам қайтыс болды.

18 маусым күні Қазақстан денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева коронавирустан қайтыс болғандар тізіміне кірмеген 54 өлім тіркелгенін айтқан. Қайтыс болған адамдарда вирус болған, бірақ өлім себебі басқа деп көрсетілген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG