Accessibility links

ДДСҰ вирус жұқтырғандар тәулік ішінде рекордтық санға көбейді деп хабарлады


ДДСҰ басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус Женевадағы конференцияда. 18 мамыр 2020 жыл.
ДДСҰ басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус Женевадағы конференцияда. 18 мамыр 2020 жыл.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) коронавирус жұқтырғандардың тәуліктік саны рекордтық көрсеткішке жетті деп мәлімдеді.

ДДСҰ-ның мәлімдеуінше, соңғы тәулікте коронавирус әлем бойынша 183 020 адамнан анықталған. Олардың жартысынан астамы (116 мың) Солтүстік және Оңтүстік Америкада. Ұйымның дерегінше, вирус жұқтырғандар бойынша Бразилия көш бастап тұр. Ол елде коронавирус бір күнде 54 771 адамнан анықталған. Екінші орында АҚШ (36 617 адам).

Джонс Хопкинс университетінің дерегінше, COVID-19 инфекциясын әлем бойынша 9 миллионға жуық адам жұқтырып, оның 468 мыңы қайтыс болған.

ДДСҰ мәліметінше, Бразилияда 50 мыңнан астам адам коронавирустан көз жұмған. Ресми дерек бойынша, елде бір миллионнан астам адамнан коронавирус табылған. Мамандар вирус жұқтырғандардың саны бұдан да көп болуы мүмкін дейді. Өйткені Бразилияда жаппай тестілеу жүріп жатқан жоқ. Латын Америкасының халқы ең тығыз орналасқан елінде коронавирустан күн сайын мыңға жуық адам қайтыс болып жатыр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG