Accessibility links

Алматыда вирус жұқтырған 170 адамның жағдайы ауыр. Қаладағы аурухананың "95% бос емес"


Алматы қаласында кетіп бара жатқан тұрғын. 22 маусым 2020 жыл.
Алматы қаласында кетіп бара жатқан тұрғын. 22 маусым 2020 жыл.

Алматыда коронавирус жұқтырған 20 адамның жағдайы өте ауыр, олар жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. 150 адамның жағдайы ауыр. 1222 адамның халі орташа. Бұл туралы 23 маусымда қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қамалжан Надыров хабарлады.

Надыровтың сөзінше, қаладағы инфекциялық ауруханалардағы орындардың 95 пайызы, провизорлық орындардың 90 пайызы бос емес. Қазір қалада вирус жұқтырған 1400 жуық адам ауруханада жатыр.

Басқарма басшысы Алматыда вирус жұқтырғандардың 35 пайызы 20-29 жаста, ал 8,8 пайызы 60 жастан асқанын айтты. Надыров Алматыдағы жағдай ушықса, қаладағы спорт кешендерінде қосымша инфекциялық орындар ашылатынын айтты.

"Халық арена" спорт кешенінде 500 орындық станционар ашуды жоспарлап отырмыз. "Теміржол ауруханасы" базасында 150 орындық стацонар ашу да жоспарда бар. Демек, қаладағы 1940 инфекциялық орынға тағы 650 орын қосылады деген сөз. Жағдай ушығып кетсе, "Алматы арена" спорт кешенінде қолданып, инфекциялық стационардағы орын санын 3740-қа дейін жеткізуге болады" деді ол.

Алматы қаласында 4700-тен аса адамнан коронавирус табылды. 20 адам коронавирустан қайтыс болды. Ал ел бойынша 28 мыңнан астам адамнан вирус жұқтырды. 127 адам COVID-19 дертінен көз жұмды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG