Accessibility links

Қазақстанда вирус жұқтырғандар 40 мыңға жуықтады


Масқа таққан әйел Алматы көшесінде. 22 маусым 2020 жыл.
Масқа таққан әйел Алматы көшесінде. 22 маусым 2020 жыл.

29 маусым күні Қазақстанда 1495 адамнан коронавирус анықталды. Оның 492-сінде ауру симптомдары байқалған. Бір тәулікте 75 адам жазылып, 10 адам қайтыс болған.

Қазақстан билігі 3 маусымнан бастап вирус жұқтырғандарды ауру белгілерінің бар-жоғына қарай “ауырғандар” және “тасымалдаушылар” деп екі бөлек санақ жүргізіп отыр. Коронавирус жұқтырғандардың негізгі статистикасына тек “ауырғандар” кіріп отыр.

“Ауырғандар” арасында көш басында Нұр-Сұлтан (3845 адам) мен Алматы қаласы (3775 адам), “тасымалдаушылар” арасында Қарағанды (2380 адам) және Атырау (2264 адам) облыстары тұр.

Жалпы есептегенде эпидемия басталғалы Қазақстанда коронавирус 39 461 адамнан анықталған. Оның 13 мыңы жазылып шыққан, 188-і қайтыс болған.

Соңғы күндері Қазақстанда пневмониядан қайтыс болғандар күрт артқан. Мысалы, Ақтөбе облысында маусым айында пневмониядан 62 адам қайтыс болған. Денсаулық сақтау басқармалары бұл адамдардан коронавирустың белгілері байқалғанын, бірақ ПТР талдау теріс нәтиже көрсеткенін айтты.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG