Accessibility links

Министр Цой: 70 мың орам ингавирин, 49 мың орам терафлю апта соңына дейін қоймаларға жеткізіледі


Қазақстан денсаулық министрі Алексей Цой
Қазақстан денсаулық министрі Алексей Цой

Қазақстан денсаулық министрі Алексей Цой дәрі тапшылығына байланысты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету ережелерінің өзгергенін, халық сұранысындағы кей дәрілердің үлкен көлемі қоймаларға жіберілгенін айтты.

"Мессенджерлер мен әлеуметтік желілердегі арандату хабарламалары адамдардың дәрі-дәрмекті артығымен сатып алуына әкелді. Әсіресе дене қызуын төмендететін препараттар. Отандық өндірушілер дене қызуын төмендететін дәрілік препараттың ірі көлемін жеткізді. “Ингавириннің” 70 мың орамы, “терафлюдің” 49 мың орамы әкелініп, апта соңына дейін көтерме қоймаларға қойылып, одан әрі өңірлерге жіберілетін болады” деді министр.

Министр COVID-19 ауруынан емдеудің хаттамасына сәйкес, аталмыш дәрілер амбулаториялық деңгейде қолданылмайтынын айтты.

Қандай да бір препараттың қай дәріханада қандай бағамен сатылып жатқанын көрсететін i-teka сайтында вирусқа қарсы “ингавирин” препаратының дәріханаларды жоқ екенін көрсетіп отыр. Ал суық тиюге қарсы қолданылатын “терафлю” дәрісінің ұнтақ күйіндегі нұсқасы 1 500 теңгеден басталады.

Соңғы күндері әлеуметтік желіде коронавирус белгілері бар деген көптеген адам дәріхананың тапшы екенін айтып жатыр. Вирусқа қарсы қолданылатын, дене қызуын төмендететін дәрілерге сұраныс артқан. Дәріханалар сұранысты қанағаттандыра алмай жатыр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG