Accessibility links

АҚШ конгресі Путин мен Шойгуге санкция салатын заң жобасын қарастырады


Ауғанстанның Логар аймағын күзетіп жүрген америкалық сарбаздар. 7 тамыз 2018 жыл.
Ауғанстанның Логар аймағын күзетіп жүрген америкалық сарбаздар. 7 тамыз 2018 жыл.

1 шілдеде АҚШ сенатының қарауына Ресейге қатысы бар заң жобасы ұсынылды. Жобаға сәйкес, егер Ауғанстандағы америкалық сарбаздарды өлтіруге қатысы бары дәледенсе, Ресей үкіметі мен оған сыбайлас олигархтарға санкция салынады. Құжат бойынша санкция Ресей президенті Владимир Путинге де салынуы мүмкін.

Заң жобасын демократ сенатор Роберт Менедес ұсынды.

Құжат күшіне енсе, америкалық барлау қызметі 15 күн ішінде Ресей басшылығының Ауғанстандағы халықаралық контингтенттің әскери қызметкерлеріне шабуылды ұйымдастыруға қатысы бары не жоғы жөнінде есеп береді.

Егер барлау қызметі сенатор Менендестің күдігіне дәлел тапса, АҚШ президенті Ресей президенті Владимир Путинге, қорғаныс министрі Сергей Шойгуға және өзге де лауазымды тұлғаларына және сыбайлас болған олигархтарына санкция салуға міндеттенеді. Санкция салынған жағдайда, аталған адамдардың америкалық активтері бұғатталып, олардың АҚШ-қа кіруіне тыйым салынады.

Депутаттардың заң жобасын қолдайтыны не қолдамайтыны әлі белгісіз. Алайда соңғы күндері конгрестің бірқатар беделді мүшесі Ауғанстандағы америкалық сарбаздарға қарсы шабуылға Ресейдің қатысы бары дәлелденсе, Кремльге санкция салу керек деген болатын.

Сәрсенбі күні өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси MSNBC телекомпаниясына берген сұхбатында “Біз Ресейге қарсы санкция салуымыз керек және оны қазір жасауымыз қажет” деді.

Заң жобасы қорғаныс шығыны жөніндегі жыл сайынғы заңға түзету ретінде рәсімделген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG