Accessibility links

Бір күнде 1,5 мыңға жуық адамнан КВИ анықталды. Вирус жұқтырғандар 47 мыңнан асты


Балалар карантин кезінде ойын алаңында ойнап жүр. Алматы, Қазақстан, 22 маусым 2020 жыл.
Балалар карантин кезінде ойын алаңында ойнап жүр. Алматы, Қазақстан, 22 маусым 2020 жыл.

Қазақстанда 4 шілде күні 1452 адамнан коронавирус анықталды. Олардың 528-і симптомды, 924-і симптомсыз. Эпидемия басталғалы коронавирус анықталған адамдардың жалпы саны 47 171-ге жетті.

Алматы қаласы - 6088 (+72),
Нұр-Сұлтан қаласы - 5794 (+81),
Атырау облысы - 5466 (+342),
Қарағанды облысы - 5162 (+73),
Шымкент қаласы - 3471 (+76),
Батыс Қазақстан облысы - 3192 (+147),
Алматы облысы - 2569 (+122),
Шығыс Қазақстан облысы - 2020 (+149),
Түркістан облысы - 1928 (+83),
Ақтөбе облысы - 1710 (+36),
Жамбыл облысы - 1671 (+56),
Маңғыстау облысы- 1453 (+44),
Ақмола облысы - 1420 (+34),
Қызылорда облысы -1409 (+30),
Солтүстік Қазақстан облысы - 1382 (+19),
Павлодар облысы - 1355 (+52),
Қостанай облысы - 1081 (+36).

Қазақстан билігі 29 маусымнан бері COVID-19 өлімін жаңартпай отыр. Алты күн бұрынғы хабарламада коронавирустан 188 адамның қайтыс болғаны айтылған. 2 шілдеде денсаулық сақтау министрі Алексей Цой өлім саны енді апта сайын жаңарады деген болатын. Ол мұның себебін қайтыс болғандардың коронавирустан өлгені кеш хабарланатымен түсіндірді. Орталық коммуникациялар қызметінде сөз сөйлеген Цой 1 шілде күні 10 ­өлім тіркелгенін айтты. Демек, коронавирустан қайтыс болғандарың саны кемі – 199.

Дәл сол брифингте денсаулық министрі коронавирус жұқтырып қайтыс болған “бірақ өлімінің себебі өзге” 101 адамның барын айтты. Бұл адамдар COVID-19 өліміне кірмеген.

Сонымен қатар пневмонияға шалдығып, салдарынан қайтыс болып жатқандар саны да артты. Министр Цойдың Министрдің сөзінше, Қазақстанда 2020 жылдың алғашқы алты айында 98 546 адам пневмонияға шалдыққан. Өткен жылдың дәл осы мерзімінде пневмониямен 63430 адам ауырған. Өсім 55,4 пайызды құраған.

Бас санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетованың айтуынша, Есмағамбетованың сөзінше, биылғы жылдың алғашқы жартысында пневмониядан 1772 адам көз жұмған, олардың 628-і маусым айында қайтыс болған.

Қазақстанда коронавирустан 15 556 адам жазылып шыққан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG