Accessibility links

Бір күнде COVID-19 жұқтырған 1403 адам анықталды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

5 шілде күні Қазақстанда 1403 адамнан коронавирус табылды. Бұл туралы дүйсенбі күні денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Ресми деректе вирус жұқтырған 814 адамда ауру белгісі жоқ екені айтылған.

COVID-19 жұқтырғандар өсімі Атырау облысында қатты байқалады. Өңірде үшінші күн қатарынан 300-ден астам адамнан коронавирус анықталып жатыр. Жексенбі күні облыста 325 адамнан вирус анықталған. Індет басталғалы бері бұл аймақта барлығы 5791 адам вирус жұқтырған.

Қазақстан бойынша COVID-19 жұқтырғандар саны қазір 48574 адамға жетті. Аймақтар бойынша жағдай мынадай:

  • Нұр-Сұлтан — 5889 (+95 жаңадан қосылды),
  • Алматы — 6201 (+113),
  • Шымкент — 3555 (+84),
  • Ақмола облысы — 1452 (+32),
  • Ақтөбе облысы — 1742 (+32),
  • Алматы облысы — 2640 (+71),
  • Атырау облысы — 5791 (+325),
  • Шығыс Қазақстан обылысы — 2116 (+96)
  • Жамбыл облысы — 1730 (+59),
  • Батыс Қазақстан облысы — 3295 (+103),
  • Қарағанды облысы — 5243 (+81),
  • Қостанай облысы — 1098 (+17),
  • Қызылорда облысы — 1449 (+40),
  • Маңғыстаус облысы — 1577 (+124),
  • Павлодар облысы — 1408 (+53),
  • Солтүстік Қазақстан облысы — 1399 (+17),
  • Түркістан облысы — 1989 (+61).

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG