Accessibility links

Қырғызстанда бір күнде пневмониядан 18 адам көз жұмды


COVID-19 жұқтырған науқасқа жәрдем көрсетіп жатқан дәрігерлер. Бішкек, Қырғызстан.
COVID-19 жұқтырған науқасқа жәрдем көрсетіп жатқан дәрігерлер. Бішкек, Қырғызстан.

Қырғызстанда өткен тәулікте 18 адам өкпе қабынуынан қайтыс болған, оның оны ел астанасында тіркелген. Бұл туралы коронавирус инфекциясы жөніндегі республикалық жедел штаб хабарлады.

Биылғы наурыздан бері Қырғызстанда пневмония дертіне шалдыққан және COVID-19 барын-жоғын анықтайтын тестілеу қорытындысында ауру белгісі байқалмаған 195 адам қайтыс болған.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Бішкекте өкпе қабынуы диагнозымен жатқызылған науқастарға арнап 2062 орын дайындалған, оның 62-і – қарқынды терапия бөлімшесінде. Бұған қоса бұрынғы «Ганси» әскери базасы аумағында ашылған обсерваторда 600 орын бар.

Үкімет науқастарды COVID-19 жұқтырғандар мен пневмонияға шалдыққандар деп екі бөлек есепке алып отыр. Кейінгі бір тәулікте коронавирус инфекциясынан 4 адам қайтыс болған. Мамандар пневмония дертіне шалдыққандарды коронавирус жұқтырғандармен қосып қарастыру керек деп санайды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG