Accessibility links

ДСМ: Қазақстанда пневмонияға шалдыққан, ПТР нәтижесі теріс 28 мың адам ауруханада емделіп жатыр


Коронавирус инфекциясын жұқтырғандарды емдеуге арналған аурухананың әуедегі көрінісі. Алматы, 24 сәуір 2020 жыл.
Коронавирус инфекциясын жұқтырғандарды емдеуге арналған аурухананың әуедегі көрінісі. Алматы, 24 сәуір 2020 жыл.

Қазақстан ауруханаларында пневмонияға шалдыққан, бірақ ПТР талдауы теріс нәтиже берген 28 мың науқас емделіп жатыр. Бұл туралы бүгін, 7 шілде күні орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Гиният хабарлады.

“Бүгін (7 шілде) ел бойынша стационарларда ПТР нәтижесі теріс пневмониямен 28 мың науқас емделіп жатыр. Науқастардың 98,9 пайызының жағдайы орташа ауыр. Cолардың ішінде 330 науқастың жағдайы ауыр” деді Ажар Гиният.

Вице-министр сондай-ақ стационарларда ПТР нәтижесі теріс, жедел респираторлық вирустық инфекция немесе басқа тұмау ауру деген диагнозбен 4 мыңнан астам науқас барын айтты.

Осы күнге дейін Қазақстанда 49 683 адамнан коронавирус анықталған. Вице-министрдің мәліметінше, вирус жұқтырғандардың 64 пайызы жазылған, 35 пайызы немесе 17600 науқас ем-домын жалғастырып жатыр. Емделіп жатқан науқастардың 9 мыңнан астамы стационарға жатқызылған.

“Реанимацияда жағдайы ауыр және өте ауыр 260 науқас бар. Оның ішінде 12 жүкті және босанған әйел және бір бала бар. Осы науқастардың 72 пайызы өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған” деді вице-министр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG