Accessibility links

Сербия астанасында карантин шектеулерін қайта енгізу бастамасы тұрғындардың наразылығын тудырды


Александр Вучичтің Белградта комендант сағатын қайта енгізу туралы бастамасына қарсы наразылық. Сербия, 7 шілде 2020 жыл.
Александр Вучичтің Белградта комендант сағатын қайта енгізу туралы бастамасына қарсы наразылық. Сербия, 7 шілде 2020 жыл.

Наразы жұрт Сербия астанасы Белградтың орталығына жиналып, ел президенті Александр Вучичтің COVID-19 індетінің қарқын алуына байланысты карантин шектеулері қайта енгізіледі деген мәлімдемесіне қарсылық білдірді.

Қарсылық білдірушілер парламент ғимаратын басып алмақ болып, полициямен қақтығысып қалды. Полицейлер жиналғандарды тарату үшін көз жасаурататын газ қолданды.

Мыңнан астам адам қатысқан наразылық Вучичтің 7 шілдедегі мәлімдемесінен кейін басталды. Президент Белградтағы жағдайдың қиын екенін, 1,3 миллион тұрғыны бар қаланың ауруханалық бос орын жоқтың қасы екенін болатын.

Кейбір наразы тұрғындар үкіметтің коронавируспен күрес шараларын сынға алып, Вучичтің отставкаға кетуін талап етті. Өзгелері алау тұтатып, полицияға тас лақтырды.

Сербиядағы COVID-19 ахуалы 21 маусымдағы парламент сайлауынан бірнеше апта бұрын экономика “қайта ашқан” соң қатты ушыға бастады. Биліктің сыншылары Вучичті шектеулерді өзіне керек сайлауды өткізу үшін ғана босаңсытты деп айыптады. Сайлауда Вучич төрағалық ететін “Сербияның прогрессивті партиясы” мен оның коалициясы жеңіске жетті.

7 шілдедегі баспасөз мәслихатында Вучич сол күннен бастап бес адамнан артық жиналуға болмайтынын, үкіметке жағдайды қайта бағалау үшін демалыс күндеріне комендант сағатын енгізу туралы өтініш білдіретінін айтты.

“Жұма [10 шілде] кешкі 6-дан бастап дүйсенбі [13 шілде] таңғы 5­-ке дейінгі комендант сағатына дайын болыңыздар. Мен тіпті осы шараның бүкіл Сербияға қолданылғанын қалаймын. Бірақ қарулы күштер мен премьер-министр [Ана] Брнабик мені тыңдай ма, жоқ па, оны көре жатармыз” деді Вучич.

Басында Вучич ұсынған шектеулер ел астанасына ғана енгізіле ме, әлде бүкіл республикаға енгізіле ме деген түсініксіздік болды. Кейін ол қарулы күштердің екеуін де сұрайтынын айтты.

Президенттің сөзінше, шектеулердің қалай болатыны 8 шілде күні қарулы күштердің басшылығымен кездесуден кейін белгілі болатынын айтты.

7 шілдеде билік өкілдері кейінгі тәулікте Сербия астанасында 13 COVID-19 өлімі тіркелді деп айтқан болатын. Дәл сол тәулікте 299 адамнан коронавирус анықталған.

“Біз азаматтарды қорғауымыз керек. Сол себепті маған саяси реакцияға және наразылыққа бәрібір” деді Вучич. “Ашу-ыза дәрігерлерге емес, маған бағытталсын”.

Ресми дерек бойынша, елде коронавирустан 330 адам қайтыс болған. Елде коронавирус ел алғаш 6 наурызда анықталса, бүгінде вирус жұқтырғандар 16 719-ке жетті.

23 маусым күні теннистен әлемнің №1 ракеткасы серб Новак Джоковичтің де коронавирус жұқтырғаны хабарланған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG