Accessibility links

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар 1726 адамға көбейді


Коронавирус анализін алатын орталықтың маңы. Алматы, 8 шілде 2020 жыл.
Коронавирус анализін алатын орталықтың маңы. Алматы, 8 шілде 2020 жыл.

9 шілде күні COVID-19 коронавирусы Қазақстанда 1726 адамнан анықталды деп хабарлады билік орындары. Оның арасында 936 адамда ауру белгілері байқалмаған.

Вирус жұқтырғандар өңірлер арасында Атырау облысында әлі көп тіркеліп жатыр. Бейсенбіде облыста 336 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталған. Алматыда бір тәулікте 217 адамнан COVID-19 анықталды. Нұр-Cұлтан қаласында осындай 180 адам тіркелген.

Аймақ бойынша жағдай мынадай:

  • Атырау облысы – 7 150,
  • Алматы – 6895,
  • Нұр-Сұлтан – 6 57,
  • Қарағанды облысы – 5790,
  • Шымкент – 3769,
  • Батыс Қазақстан облысы – 3699,
  • Алматы облысы – 2939,
  • Шығыс Қазақстан облысы – 2547,
  • Түркістан облысы – 2106,
  • Ақтөбе облысы – 1988,
  • Жамбыл облысы – 1971,
  • Маңғыстау облысы – 1794,
  • Павлодар облысы – 1616,
  • Ақмола облысы – 1581,
  • Қызылорда облысы – 1578,
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 1532,
  • Қостанай облысы – 1435.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG