Accessibility links

Қазақстанда бір күнде 1646 адамнан COVID-19 анықталды


Алматы көшесінде бала көтеріп келе жатқан әйел. 12 шілде 2020 жыл.

Өткен тәулікте, 12 шілде күні Қазақстанда COVID-19 инфекциясы 1109 адамнан анықталды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Ресми ақпаратта вирус жұқтырған 957 адамда аурудың клиникалық белгілері байқалмағаны айтылған.

Коронавирус жұқтырғандардың көбі Атырау облысы (266) мен Алматы қаласында (231) анықталған. Өзге аймақтарда COVID-19 анықталған адам саны:

  • Қарағанды облысы - 176;
  • Нұр-Сұлтан қаласы - 123;
  • Маңғыстау облысы - 107;
  • Шығыс Қазақстан облысы - 100;
  • Батыс Қазақстан облысы - 99;
  • Шымкент қаласы - 81;
  • Павлодар облысы - 77;
  • Жамбыл облысы - 71;
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 70;
  • Ақтөбе облысы - 63;
  • Қызылорда облысы - 54;
  • Қостанай облысы - 49;
  • Ақмола облысы - 35;
  • Алматы облысы - 34;
  • Түркістан облысы - 10.

Қазақстанда 13 шілде - коронавирустан қайтыс болғандарды аза тұту күні болып жарияланған. Кейінгі төрт айдың ішінде, ресми мәлімет бойынша, елде коронавирус жұқтырғандар 59 899 адамға жетті. Вирус кеселінен 375 адам қайтыс болды, олардың 111-і кейінгі бір аптада көз жұмды. Бұған қоса коронавирус жұқтырғаны анықталған, бірақ ресми билік "өліміне басқа ауру себеп болған" деп коронавирустан қайтыс болғандар статистикасына қоспаған тағы 101 адам көз жұмған.

Сонымен бірге Қазақстанда әдеттен тыс өршіген пневмониядан жүздеген адам қайтыс болды. Денсаулық сақтау министрлігі оларды да коронавирустан қайтыс болғандар тізіміне қоспай отыр. Кейбір мамандар мен сарапшылар бұл пневмония коронавирус инфекциясының салдары деп санайды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG