Accessibility links

Эмманюэль Макрон: Еуроодақ "бұрын-соңды болмаған дағдарысты" өткеріп жатыр


Еуроодақ елдерінің басшылары саммит алдында бір-бірімен амандасып жатыр. Брюссель, 17 шілде 2020 жыл.
Еуроодақ елдерінің басшылары саммит алдында бір-бірімен амандасып жатыр. Брюссель, 17 шілде 2020 жыл.

17 шілде күні Бельгия астанасы Брюссельде Еуроодақтың екі күндік төтенше саммиті ашылды. Одаққа мүше 27 елдің басшылары экономикаларын қалпына келтірудің ортақ жоспарын және одақтың келесі жеті жылдағы бюджетін нақтылау үшін жиналды. Еуроодақ экономикасын қалпына келтіру үшін 2021-2027 жылдары 1,85 триллион евро жұмсауды жоспарлап отыр. Халықаралық француз радиосының айтуынша, бұл одақ тарихындағы бұрын-соңды болмаған сома.

Франция президенті Эммануэль Макрон Брюссельдегі саммит Еуропа үшін "ақиқат сәті" деді. Макрон Еуроодақтағы жағдайды "денсаулық сақтау, экономика және әлеуметтік салада бұрын-соңды болмаған дағдарыс деп бағалады. Франция басшысының пікірінше, дағдарыстан өту үшін Еуроодақтың экономикасын қалпына келтіру, оның технологиялық, өнеркәсіптік және экологиялық суверенитетіне қол жеткізу бойынша бірыңғай ұстаным керек. Эммануэль Макрон бұл пікірін twitter-аккаунтында жариялады.

"Келіспеушіліктің ауқымы кең деді Германия канцлері Ангела Меркель. Саммит басында ол "келіссөздердің ауыр өтетінін, осы саммит кезінде келісім жасалатынына сенімді емес екенін айтты деп хабарлады "Неміс толқыны радиосы.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG