Accessibility links

Коронавирустың өршуіне байланысты Шыңжаңда "cоғыс уақытындағы жағдай" тәртібін орнатылды


Маска таққан адамдар темір жол вокзалында. Гуанчжоу, Қытай.
Маска таққан адамдар темір жол вокзалында. Гуанчжоу, Қытай.

Қытайдағы Шыңжаң өлкесінің билігі коронавирустың өршуіне байланысты өңірде "соғыс уақытындағы жағдай" тәртібі орнағанын айтты. 19 шілде күні өлке билігі 17 адамның ауруға шалдыққанын, вирус жұқтырудың ауру белгісі жоқ 23 жағдайы тіркелгенін, одан бөлек 269 адамның бақылауда екенін айтты. Өлкенің әкімшілік орталығы Үрімші 16 шілдеден бастап карантинге жабылған. Әуе рейстері, метро жұмысы және пойыз қатынасы тоқтатылған. Сондай-ақ бұқаралық шараларға тыйым салынған.

Денсаулық сақтау саласының шенеуніктері Үрімші тұрғындарынан тест алу үшін өлкеге екі жүздей медқызметкердің жіберілгенін айтты.

Коронавирусты алғашқы ошағы 2019 жылдың желтоқсанында Қытайдың Ухань қаласында пайда болды деп саналады. Ел үкіметі өте қатаң карантин тәртібін енгізіп, індеттің тарауын бақылауға алды. Алайда халықаралық эксперттердің көбі вирус жұқтырғандар саны Қытайдың ресми дерегіндегіден көп деп санайды.

18 шілде күні Қытай денсаулық сақтау ұлттық комиссиясы елде 252 адамның коронавирустан емделіп жатқанын айтты.

Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, әлем бойынша 14,3 миллион адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны расталған. Аурудан 602 мың адам көз жұмған.

Коронавирус 18 шілде күні Нельсон Мандела күнін атап өткен Оңтүстік Африка Республикасында да өршіп тұр. Ресми дерек бойынша, елде коронавирус 350 879 адамнан анықталған. Бұл – Африка құрлығындағы расталған жағдайлардың жартысына жуығы.

Британия премьер-министрі Борис Джонсон елінің вирусты жеңетініне сеніммен қарайтынын айтты. Ол қатаң карантин шаралары жағдай өте қатты ушыққан кезде енгізіледі деп мәлімдеді. Ал ғалымдар Джонсонның Рождество мерекесіне дейін бәрі қалпына келеді деген үмітіне күдік келтіреді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG