Украинаның Волын облысы Луцк қаласында қарулы адам автобусты басып алып, 20 шақты адамды кепілге алған. Бұл туралы облыстық полицияның хабарламасында айтылады.
Кепілге алынған жолаушылары бар автобус тұрған қаланың орталық аумағы қоршалған. Полиция кепілге алған адаммен келіссөз жүргізіп жатыр. Оның аты-жөні анықталған, бірақ полиция әзірге жарияламай отыр. Әлеуметтік желіде ол "жүйеге көңілі толмайтыны" туралы жазған деп айтылады.
Полиция дерегінше, жолаушыларды кепілде ұстаған адамда қарудан бөлек, жарылғыш зат та бар. Автобусты басып алар кезде ол бірнеше рет оқ атқан. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.
ПІКІРЛЕР