Accessibility links

Сәтбаев қаласында жүзден астам адам "бала ұрлаған" күдіктіні қолға беруді талап еткен


Сәтбаев қаласы.

Қарағанды облысы Сәтбаев қаласында жүзден астам адам "жергілікті тұрғындардың бірі пәтерінде 5 жасар қыз баланы ұстап отыр" деген ақпаратты ести сала түнде көшеге шыққан. Бірнеше ер адам күдіктінің пәтерінің терезесін ашып, кіруге талпынған. Терезе түбінде тұрған адамдар баланың тірі екеніне көз жеткізу үшін оны көрсетуді сұраған. Күдіктіні жазалау үшін қолға беруді талап еткен.

- Жастар кішкентай баланың сол адамның пәтерінде екенін біліп қалған. Бұдан соң адамдар жиналып айғайлап, баланы көрсетуді, педофилді қолға тапсыруға талап еткен. Бұдан соң полиция күдіктіні алып кетті. Полиция оқиғаны ұзақ уақыт сырттан бақылады, жиналған жұртқа тарау қажеттігін айтты, жағдай ушығып бара жатқан соң адамдарды күштеп тарата бастады, - деді Жаңыл Р. есімді қала тұрғыны Азаттық тілшісіне.

Полиция 24 шілдеде таңертең "бала ұрлады" деп күдікке ілінген ер адамның ұсталғанын хабарлады. Баланы іздеуге полицияның толық жеке құрамы мен еріктілер қатысқан.

- Ұсталған адамның үйінің жанына адамдар кенеттен көп жиналып, күдіктіні қолға беруді талап етті. Тәртіпсіздік болмас үшін құқық қорғау күштері тартылды, - деді полиция.

Полицияның мәліметінше, 23 шілдеде кешкі сағат 21.00 шамасында бес жасар баланың әкесі қызының жоғалып кеткенін хабарлаған. Кейінірек қыз бала көп қабатты үйлердің біріндегі пәтерден табылған. Қазір қыз бала ауруханада тексеруден өтіп жатыр.

Күдіктінің пәтеріне кіруге тырысқан бірнеше жігітке байланысты ақпарат әзірге айтылмайды. Тұрғындардың айтуынша, қазір қалаға кіре берісті полицейлер күзетіп тұр, көлік пен автобустарды тексеріп жатыр.

Полиция мен әкімдіктің хабарлауынша, қалада жағдай тұрақталған. Адамдар үйлеріне тарап кеткен.


  • 16x9 Image

    Елена ВЕБЕР

    Елена Вебер - шығармашылық псевдоним. Елена - 2010 жылдан бері Азаттықтың Қарағанды облысы бойынша тілшісі. Теміртау қаласында тұрады. ҚарҰУ-дің филология факультетін бітірген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG