Accessibility links

Путин мен Зеленский Украина шығысындағы жағдайды талқылады


Ресей басшысы Владимир Путин (сол жақта) және Украина президенті Владимир Зеленский.
Ресей басшысы Владимир Путин (сол жақта) және Украина президенті Владимир Зеленский.

Украина президенті Владимир Зеленский және Ресей президенті Владимир Путин Украина шығысындағы жағдайды талқылады. Атысты тоқтату туралы жаңа келісімнің күшіне енуіне бірнеше сағат қалған кезде екі мемлекет басшысы телефонмен сөйлескен.

Путин мен Зеленский тараптардың уақытша бітімге келуін қолдаған.

Зеленский кеңсесінің хабарлауынша, Украина басшысы Ресей және Украина шығысы және Қырымдағы Украина азаматтарын босату қажеттігін атап өткен.

Кремльдің хабарлауынша, Ресей президенті Зеленскийге Украинаның жергілікті сайлау өткізу туралы шешімі қақтығысты бейбіт шешуге бағытталған Минск келісім-шартына қайшы екенін айтқан.

Жексенбі күні Украинаның қарулы күштері Донбаста атысты толық тоқтату режиміне көшуге дайындала бастағанын хабарлаған. Зеленский кеңсесі өкілдерінің пікірінше, егер мұндай режим сақталса, бұл Минск келісім-шартында жазылған өзге де ережелерді орындауға жол ашады.

Бұған дейін Ресей қолдайтын сепаратистердің өзін-өзі жариялап алған "Донецк халық республикасы" (ДХР) және "Луганск халық республикасы" (ЛХР) да атысты тоқтату режимін қолдауға дайын екенін мәлімдеген.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG