Accessibility links

Германия Ресейді "Үлкен сегіздікке" қайтаруға қарсы болды


G7 саммиті кезінде ілінген тулар. Көрнекі сурет.
G7 саммиті кезінде ілінген тулар. Көрнекі сурет.

Германия Ресейді "Үлкен сегіздікке" (G8) қайтаруға қарсы болды. Бұл туралы Германия сыртқы істер министрі Хайко Маас хабарлады. Оның сөзіне қарағанда халықаралық клубқа қайта кіру үшін Мәскеу Украина шығысындағы жағдай мен аннексиялап алған Қырым мәселесін реттеуі тиіс. Маастың айтуынша, Ресей 2014 жылы сол үшін "Үлкен сегіздіктен" шығарылып, қазір отырыс G7 форматында өтіп жүр.

Германия сыртқы істер министрінің айтуынша, Украина, Сирия және Ливиядағы қақтығыс мәселесін шешу үшін өзге елдерге Ресей керек. Бұл тұрғыда "Үлкен жиырмалық" форматын ұйымдастыру тиімдірек.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путинді G7 саммитіне шақыру туралы ұсыныс айтқан. Ақ үй жетекшісінің пікірінше, G7 жиынындағы мәселелердің жартысын Ресеймен талқылау қажет. Алайда клубтың өзге мүшелері Трамптың ұсынысын қолдамаған. Былтыр желтоқсан айында АҚШ конгресінің өкілдер палатасы Ресейді клубқа қайтару туралы резолюцияны мақұлдаған.

Ресей президенті Владимир Путин бұған дейін "Үлкен сегіздікке" оралуға қарсы еместігін жеткізген.

G7 халықаралық клубына Ұлыбритания, Германия, Канада, Франция, Италия, АҚШ және Жапония мүше. Ресей бұл ұйымға 1997 жылы қосылған. Қырым аннексиясы және Украина шығысындағы қақтығыстан кейін Мәскеу клубтан шеттетілген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG