Accessibility links

Тәжікстан электр энергиясына шектеу қояды


Шам жағып отырған тұрғындар. Тәжікстан, Хатлон облысы. 2016 жыл.
Шам жағып отырған тұрғындар. Тәжікстан, Хатлон облысы. 2016 жыл.

Тәжікстанның "Барки точик" ұлттық энергия компаниясы электр қуатын өндіретін қоймадағы су көлемі күрт азайғандықтан электр энергиясына шектеу қоятынын хабарлады. Тәжік үкіметі өкілдерінің хабарлауынша, тауға қар аз жауғандықтан Нурек қоймасындағы су деңгейі былтырғы жылмен салыстырғанда 17 метрге төмендеген. Қоймаға құятын екі өзендегі су көлемі 50 пайызға азайған.

Үкімет өкілдерінің айтуынша, қоймадағы су көлемін сақтау мақсатында электр энергиясына шектеу қойылады. Үкіметтің 28 шілде күнгі мәлімдемесінде егер су деңгейі азая берсе, күз бен қыста электр энергия тапшылығы туындауы мүмкін деп жазылған. Дегенмен онда тұрғындарға тасымалданатын энергия көлемінің қаншаға қысқаратыны айтылмаған.

Бұған дейінгі жылдары "шектеу кезеңінде" тұрғындар күн сайын тек төрт немесе бес сағат қана электр энергиясын тұтына алатын.

Осы аптада Ауғанстан Тәжікстанның электр энергиясы экспортын 90 пайызға қысқартқанын хабарлады. 16 шілдеден бастап Тәжікстан Өзбекстанға да экспорттайтын энергия көлемін азайтқан.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG