АҚШ президенті Дональд Трамп президенттік сайлауды басқа мерзімге ауыстыру мәселесін көтерді. Ол мұны Twitter желісінде мәлімдеді. Сайлау қараша айына белгіленген. Әлеуметтік сауалнамалар Трамптың рейтінгі оның бәсекелесінің рейтінгінен қалып бара жатқанын көрсеткен.
АҚШ-тың бірқатар штаты пандемияға байланыстыы қашықтан дауыс беру процедурасын жеңілдеткен болатын. Трамп бұл шешімді сынға алып, бұл жаппай бұрмалауға әкеледі деп мәлімдеді. Осыдан кейін ол "сайлауды адамдар қауіпсіз әрі заңға сай дауыс бере алғанша шегерсек қалай?" деп сұрақ қойды.
New York Times газетнің жазуынша, Ақ үйдің сайлауды кейінгі шегеруге құзыреті жоқ. Осыған дейін Трамп әкімшілігі сайлаудың кейінге шегерілу мүмкіндігін жоққа шығарған. Президент сайлауы 3 қарашаға белгіленген. Көптеген әлеуметтік сауалнама қазіргі президенттің рейтингі оның негізгі қарсыласы демократ Джо Байденнің рейтингінен қалып бара жатқанын көрсетіп отыр.
Сайлау күні федералды заңмен реттеледі. АҚШ конституциясы бойынша сайлау күнін конгресс анықтайды. Ал өкілдер палатасын президентке оппозиция болып отырған демократтар бақылап отыр.
ПІКІРЛЕР