Accessibility links

Ауғанстан үкіметі үш күндік бітім кезінде 500 тәліпті босатпақ


Ауғанстан президенті Ашраф Гани.
Ауғанстан президенті Ашраф Гани.

Ауғанстан президенті Ашраф Гани бейбітшілік орнатуға ынта білдіру ретінде түрмеде жазасын өтеп жатқан 500 тәліпті бостандыққа шығаруға бұйырды. Осының алдында Талибан тобы үш күндік бітім ұсынысын жасап, оны ауған үкіметі қолдады. Бітім күндері 31 шілдеден басталды.

Телевизиялық үндеуі кезінде Ашраф Гани АҚШ пен Талибанның ақпандағы келісіміне сәйкес сұралған 5000 тәліптің 4,6 мыңы босатылғанын мәлімдеді. Ауғанстан президенті қалған 400 тәліпті босатуға "құзыреті" жетпейтінін, олардың қылмысы аса ауыр саналатынын айтты.

Ашраф Гани ол 400 тәліптің тағдырын анықтау үшін ақсақалдар кеңесін шақыратынын мәлімдеді. Ол сондай-ақ Талибанды бейбітшілік келіссөздеріне мейлінше тез араласуға шақырды.

"Қалған жазасын өтеушілердің тағдырысы келіссөз кезінде талқыланып, анықталады" деді ол.

Талибан Вашингтонмен болған келісімде айтылған 1000 тұтқынды босатқанын айтты.

Тараптар үш күндік бейбітшілікті 31 шілде күні басталған Құрбан айт мерекесіне орай жариялады. Бұл көп күттірген бейбітшілік келіссөздері келесі аптада болуы мүмкін деген үміттің пайда болуына әкелді.

Алайда 72-сағаттық бейбітшілік басталмас бұрын Логар өлкесі Пул-е-Алам қаласында жарылыс болып, тоғыз адам қаза тапты. Жергілікті биліктің және куәгерлердің айтуынша, жарылыс қаланың Азаттық алаңында болды. Жарылыс кезінде ол жерде адамдар Құрбан айт мерекесіне орай сауда жасап жатқан.

Ішкі істер министрі қаза тапқандары бәрі қарапайым тұрғындар деді. Марқұмдардың арасында әйелдер мен балалар бар. Министрлік мәлімдемесіне сәйкес, тоғыз адам қаза тапқан, қырықтан астам адам жарақаттанған. Кей ақпаратқа сәйкес, қайтыс болғандар саны 18-ге жеткен.

Өлке полициясының баспасөз хатшысы Шахпур Ахмадзай шабуылдың полиция бөлімшесіне бағытталғанын, зардап шеккендер қатарында қауіпсіздік қызметінің адамдары барын айтты. Оның сөзінше, үкімет күштері Айт мерекесі алдында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін дайындыққа келтірілген.

Ахмадзай қаза тапқандардың көбі бақылау бекетінде кезекте тұрған көліктерде отырған.

Шабуылға жауапкершілікті ешкім алмады. Талибан өзінің қатысы барын жоққа шығарды.

Ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Тарек Ариан террористік әрекетті жасап отырған әскери топтар, "олар бұған жауапты емеспіз дей алмайды" деді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG