Accessibility links

Күрестен олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров қайтыс болды


Жақсылық Үшкемпіров
Жақсылық Үшкемпіров

Мәскеу олимпиадасының алтын медаль иегері, грек-рим балуаны Жақсылық Үшкемпіров 69 жасында дүниеден өтті. Бұл туралы Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы хабарлады. Олимиада чемпионының коронавирустан қайтыс болғаны айтылады.

"Грек-рим күресiнен тұңғыш Олимпиада чемпионы, Әлем чемпионы, Қазақстанның еңбек ерi, "Барыс", "Құрмет" "Парасат" ордендерінің иегері Жақсылық Әмiрәлiұлы Үшкемпiров ағамыз бақилық болды. Батыр ағамыздың Мәскеу Олимпиадасындағы ерлігiне биыл 40 жыл болып еді..." делінген федерацияның Instagram желісіндегі хабарламасында.

Үшкемпіров 1951 жылы 6 мамырда Жамбыл облысы Свердловск ауданы, Дихан ауылында дүниеге келген. Мәскеудегі 1980 жылғы олимпиада ойындарында 48 килограмм салмағында чемпион атанған. Балуан олимпиададан соң 1981 жылы әлем біріншілігінде алтын медаль алған.

Қазақстанда коронавирус пен белгілері бойынша соған ұқсайтын пневмония өршіп тұр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG