Accessibility links

Беларусь: Президенттіктен үміткер Тихановская Ресеймен интеграцияға қарсы екенін айтты


Светлана Тихановская.
Светлана Тихановская.

Беларусьтегі президент сайлауына қатысатын үміткер Светлана Тихановская Ресеймен одақтас болуға қарсы екенін, бірақ Мәскеумен жақсы қарым-қатынасты қолдайтынын атап өтті.

Ағылшын тілінің аудармашысы Тихановская ресейлік Lenta.ru сайтына берген сұхбатында осылай деп мәлімдеген. Оның күйеуі, танымал видео блогер Сергей Тихановский қамалғаннан кейін Светлана Тихановская сайлауға қатысуға бел буған.

"Өз басым Ресеймен өте жақын интеграция орнатуға қарсымын, себебі Беларусь - тәуелсіз мемлекет. Біз тәуелсіз болғымыз келеді. Өзге мемлекеттердің жау емес, дос болғанын қалаймыз" деді ол.

"Беларусь Еуроодаққа қосылуға ұмтылуы тиіс пе немесе Батысқа бағыт бұруы қажет пе?" деген сұраққа Тихановская мұның қателік болатынын айтқан.

"Міндетті түрде таңдау қажет пе?" деген ол Беларусь барлық елдермен экономикалық және саяси қарым-қатынасты нығайтуы тиіс деп жауап берген.

Беларусь экономикасы Ресейдің арзан мұнай-газына қатты тәуелді. Дегенмен мемлекет Еуроодақпен де сауда қатынасын дамытқан.

Сайлау кампаниялары кезінде орысша сөйлейтін Тихановская беларусь тілі ұлттық мәдени мұра ретінде насихатталуы тиіс деп санайды. Бірақ егер азаматтарға орысша сөйлеу ыңғайлы болса, беларусь тілін оларға тықпалаудың қажеті жоқ деп есептейді.

Беларусьті 26 жылдан бері басқарып келе жатқан Александр Лукашенко режимінен мезі болған мыңдаған тұрғын соңғы бірнеше аптада Тихановскаяны қолдай бастаған.

Беларусьте президент сайлауы 9 тамызда өтеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG