Accessibility links

Ауғанстанда түрмеге шабуыл кезінде ондаған адам қаза болды, жүздеген тұтқын қашып кетті


Содырлар шабуыл жасаған түрме атыстан кейін. 3 тамыз 2020 жыл.
Содырлар шабуыл жасаған түрме атыстан кейін. 3 тамыз 2020 жыл.

3 тамызға қараған түні Ауғанстанның шығысындағы Нангархар провинциясында "Ислам мемлекеті" экстремистік тобының (ИМ) содырлары түрмеге шабуыл жасап, кемінде 39 адам қаза болған. Ауған шенеуніктерінің хабарлауынша, қаза болғандар арасында бейбіт тұрғындар, қауіпсіздік күштері мен тұтқындар бар. Олардың мәліметінше, қарсы жақтан да адам шығыны болған. ИМ тобы өздерін насихаттайтын Amaq сайты арқылы шабуылды мойнына алды.

Ақпарат бойынша, содырлар әуелі түрме қақпасы маңындағы көлікті жарған. Түрме дуалы құлап, содырлар колония аумағына енгеннен кейін қауіпсіздік күштерімен атысқан. Атыс бірнеше сағатқа созылған. Содырлар шабуылының салдарынан шамамен 1800 тұтқын босатылған, олардың арасында тәліптер мен ИМ содырлары, өзге де қылмыскерлер бар.

Азаттықтың Жалалабад қаласындағы тілшісінің хабарлауынша, 3 тамызда таңертең содырлар мен қауіпсіздік күштері арасындағы текетірес көрші ғимаратта да жалғасқан.

Дүйсенбі күні ауған шенеуніктері шабуыл тоқтады деп хабарлағанмен тұтқын содырлардың көбі сытылып шыққанын мәлімдеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG