Accessibility links

Беларусь билігі оппозицияға бірнеше қалада сайлауалды шарасын өткізуге кедергі жасады


Президенттіктен үміткер Светлана Тихановская жақтастарының алдында сөйлеп тұр. 2 тамыз 2020 жыл.
Президенттіктен үміткер Светлана Тихановская жақтастарының алдында сөйлеп тұр. 2 тамыз 2020 жыл.

Беларусь билігі президенттіктен үміткер Светлана Тихановскаяға сайлауалды шараларын өткізуге тағы да кедергі жасады. Бірнеше қала билігі Тихановскаяның саяси митингісі өтеді деген орында жөндеу жұмыстары жүретінін айтты.

Минскінің оңтүстігінен шамамен жүз шақырым жердегі Слуцк қаласында 4 тамызда жергілікті билік шара орнында "шұғыл" жөндеу жұмыстары жүргізілуі керек деп оппозиция шеруі өтпейтінін хабарлады. "Весна" адам құқығын қорғау орталығының мәліметіне сәйкес, арнайы жасақ және штаттық киім киген қызметкерлер жүздеген оппозиция жақтастары жиналған митинг орнында кемінде 17 адамды ұстаған. Олардың арасында жергілікті ақпарат агенттіктерінің редакторы да бар.

Тихановская 4 тамыз кешкісін Салихорск қаласында өтуі тиіс болған шараны кейінге шегеруге мәжбүр болған. Салихорск қаласының билігі шеру өтеді деген стадионға экскаваторлар әкеліп, жерді қазған. Кампания ұйымдастырушыларына шараның болмайтынын айтқан. Бұдан соң полиция шеруге келгендерді таратап, кемінде бес адамды ұстаған.

Бір күн бұрын билік Столбцы қаласында жергілікті стадионға техника әкеліп, Тихановская ұйымдастырған сайлауалды шарасын өткізуге кедергі келтірген еді.

Беларусьті 26 жылдан бері басқарып келе жатқан Александр Лукашенко режимінен мезі болған мыңдаған тұрғын соңғы бірнеше аптада Тихановскаяны қолдай бастаған. Жақында Тихановская өткізген сайлауалды шараларының біріне 63 мыңнан астам тұрғын келген. Дегенмен кейбір сарапшылар Лукашенко түрлі құйтырқы әрекеттер жасап, сайлауды жеңіске жетеді деп ойлайды.

Қарай отырыңыз: Беларусьте сайлау алындағы ең ірі бейбіт митинг қалай өтті? (31 шілде 2020 жыл).

Беларусьте сайлау алындағы ең ірі бейбіт митинг қалай өтті?
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:39 0:00

Бұған дейін Лукашенко саяси қарсыластарын 90 жылдардағыдай елдің "быт-шытын "шығарғысы келетін "шетел агенттері" деп айыптаған еді.

Беларусьте президент сайлауы 9 тамызда өтеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG