Accessibility links

Пневмониясыз статистика. Covid бір күнде 1060 адамнан анықталды


Коронавирус пандемиясы кезінде ботаникалық бақта серуендеп жүрген тұрғындар. Нұр-Сұлтан, Қазақстан, 4 тамыз 2020 жыл.
Коронавирус пандемиясы кезінде ботаникалық бақта серуендеп жүрген тұрғындар. Нұр-Сұлтан, Қазақстан, 4 тамыз 2020 жыл.

5 тамыз күні Қазақстанда 1060 адамнан коронавирус инфекциясы анықталған. Covid жұқтырған 547 адамда ауру белгілері байқалған. Бұл туралы Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Тәулік көрсеткіші бойынша әдеттегідей Нұр-Сұлтан (210) және Алматы (180) қалалары көш бастап тұр. Ең төменгі көрсеткіш Ақтөбе (11) және Қызылорда (14) облыстарында тіркелген.

Қазақстанда барлығы 95 942 адамның коронавирус жұқтырғаны расталған.

Алматы қаласында - 12820 (+180 адам жаңадан қосылды),
Нұр-Сұлтан қаласында -12344 (+210),
Атырау облысында - 10467 (+46),
Қарағанды облысында - 9075 (+87),
Шығыс Қазақстан облысында - 6953 (+97),
Батыс Қазақстан облысында - 6102 (+53),
Шымкент қаласында - 5044 (+19),
Алматы облысында - 4577 (+64),
Жамбыл облысында - 3764 (+40),
Павлодар облысында - 3447 (+42),
Солтүстік Қазақстан облысында - 3374 (+49),
Қызылорда облысында -3110 (+14),
Ақтөбе облысында - 3083 (+11),
Маңғыстау облысында - 3030 (+35),
Қостанай облысында - 2953 (+45),
Түркістан облысында - 2902 (+30),
Ақмола облысында - 2897 (+38).

Ресми дерек бойынша, коронавирустан жазылып шыққандар 1840 адамға артып, 68 871­-ге жетті. Инфекциялық аурудан барлығы 1091 адам қайтыс болған. Бұл дерекке коронавирус инфекциясын жұқтырған бірақ "ілеспе аурудан қайтыс болды" деген адамдар мен коронавирустық пневмониядан қайтыс болғандар кірмей отыр.

Қазақстан 2 тамызда алғаш рет зертханалық анализбен расталмаған коронавирустық пневмония дерегін жариялады. Содан бері күн сайын хабарлануы тиіс бұл дерек, коронавирус статистикасынан кештеу жарияланатын болды және ол расталған коронавирус жағдайлары секілді аймақтар бойынша бөлініп хабарланбайды. Бар болғаны екі-ақ сан беріледі: ауруға шалдыққандар және аурудан қайтыс болғандар.

Coronavirus2020.kz сайтындағы мәліметке сәйкес, Қазақстанда 1 тамыздан бастап 8054 адамның коронавирустық пневмонияға шалдыққаны расталып, дерттен 86 адам көз жұмған.

Үкімет 17 шілде күні, этиологиясы белгісі вирустық пневмония өршіген тұста 1 тамыздан бастап коронавирус пен ПТР тестімен расталмаған бірақ белгілері бойынша соған ұқсайтын вирустық пневмония дерегін біріктіретінін мәлімдеген. Бірақ екі апта дайындықтан соң Қазақстан билігі маусым және шілде айындағы коронавирустық пневмонияның дерегін негізгі статистикаға қоспайтын болды. Ал 2 тамыздан кейін жарияланған мәліметтің өзі коронавирус статистикасынан бөлек көрсетіліп, негізгі дерекке біріктірілмеді.

Егер екі дерек біріктіріліп жарияланса, Қазақстанда коронавирус ауруына шалдыққандардың жалпы саны 104 мыңға жетуші еді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG