Accessibility links

Трамп қытайлық TikTok және WeChat иелерімен келісім жасауға тыйым салды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

АҚШ президенті Дональд Трамп қытайлық TikTok және WeChat қосымшаларының иелерімен кез келген дәрежеде келісім жасауға тыйым салатын жарлыққа қол қойды. Құжат 45 күннен кейін күшіне енеді.

TikTok қосымшасын басқаратын ByteDance компаниясы иесімен келісім жасауға тыйым салатын жарлықта Трамп ұлттық қауіпсіздік мәселелерін алға тартқан. Онда TikTok-тың Қытай коммунистік партиясының мүддесі үшін жалған ақпарат тарату кампанияларын жүргізетін құрал ретінде қолданылуы мүмкін екені жазылған. Шағын видеолармен бөлісуге мүмкіндік беретін қосымша жарлықта ұлттық қауіпсіздікке "қауіп төндіретін" құрал ретінде сипатталған. Құжатта сонымен бірге АҚШ-тың TikTok иесіне нақты шара қолдану қажеттігі айтылған.

Осыған ұқсас екінші жарлықта Трамп қытайлық WeChat мессенжерін қолданушылар туралы көп мәліметті автоматты түрде жинақтады деп айыптайды. Бұл дерек қоры Қытай коммунистік партиясына америкалықтардың жеке деректері мен меншік құқығымен қорғалған мәліметтерге қол жеткізуіне мүмкіндік бері ықтимал.

3 тамызда Трамп 15 қыркүйекке дейін америкалық компания TikTok-ты сатып алуы тиіс, әйтпесе әлеуметтік желі АҚШ аумағында жұмыс істей алмайды деп мәлімдеген еді. Америкалық Microsoft компаниясы желіні сатып алу мүмкіндігі жөнінде келіссөз жүргізіп жатқанын хабарлады. Қысқа видео түсіріп, көруге мүмкіндік беретін TikTok қосымшасы жасөспірімдер мен жастар арасында өте танымал. Ақпарат бойынша, әлемде бір миллиард TikTok қолданушысы бар.

Бұған дейін компания иесі "қолданушылар дерегі Пекинге беріледі" деген айыптауды жоққа шығарған.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG